ITS исламдық ITS Shariah индексін қайта теңгерімдейді

Фото интернеттегі ашық дереккөзден алынды
Фото интернеттегі ашық дереккөзден алынды
Өзгерістер 10 наурыздан бастап күшіне енеді.

ITS халықаралық сауда алаңы ITS Shariah (ITSS) индексінің кезекті қайта теңгеруін жүргізіп, қызметі ислам қағидаттарына сәйкес келетін әлемнің жетекші 30 компаниясының акциялары тізімін жаңартты. 

Қайта теңгеру қорытындысы бойынша индекс құрамына бес жаңа эмитент қосылды. Applied Materials, Inc. (AMAT) акциялары 2025 жылғы желтоқсанда ITSS тәуелсіз Sahih Invest скрининг провайдері компания акцияларына «Рұқсат етілген» мәртебесін бергеннен кейін индекс құрамына енгізілді. KLA Corporation (KLAC) және Texas Instruments Incorporated (TXN) акциялары орташа нарықтық капитализацияның тиісінше 17% және 13% өсуіне байланысты индекс құрамына енді. NextEra Energy, Inc. (NEE) және Amphenol Corporation (APH) акциялары шығарылған эмитенттердің орнына қосылды.

Сонымен қатар индекстен бес компания шығарылды. ServiceNow, Inc. (NOW) орташа нарықтық капитализацияның 19% төмендеуіне байланысты шығарылды. Qualcomm Incorporated (QCOM) және Uber Technologies, Inc. (UBER) қосылған эмитенттердің пайдасына шығарылды – олардың орташа нарықтық капитализациясы тиісінше 6% және 9% төмендеді. Booking Holdings Inc. (BKNG) және Arista Networks, Inc. (ANET) акциялары да қосылған бағалы қағаздардың пайдасына шығарылды. Бұдан бөлек, Oracle Corporation (ORCL) компаниясының капитализациясының 12% төмендеуіне байланысты индекстегі үлесі 1,92% қысқартылды.

ITS Shariah индексі AAOIFI стандарттарына сәйкес шариғаттық скрининг қорытындысы бойынша тәуелсіз Sahih Invest компаниясы ислам нормаларына сәйкес деп таныған жаһандық нарықтағы 30 ірі компанияның акцияларын қамтиды. Индекстегі бір эмитенттің салмағы 10%-бен шектелген.

ITS Shariah индексі ITSS ETF биржалық қорының негізінде жатыр. Бұл – Орталық Азия мен Закавказьеде шариғат нормаларына сәйкес келетін алғашқы ETF, оны ITS IPS Capital басқарушы компаниясымен бірлесіп «Астана» халықаралық қаржы орталығы юрисдикциясында құрды. Қор акциялары АҚШ долларымен номинирленген, ал инвестициялардан түсетін табыс Қазақстанның салық резиденттері үшін салықтан босатылған.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз