Наурыз айынан бастап иелері үй жануарларына бағасы 6-7 мың теңге тұратын чип орнатуға міндеттеледі.
Ал тиісті жерде тіркемеген жағдайда 30 мың теңге көлемінде айыппұл арқалауы мүмкін. Ондаған жануар ұстап отырған азаматтар мұндай өзгерістің өзіне қиын соғатынын айтады, деп хабарлайды 31-арнаның "Информбюро" бағдарламасы.
Зоя Пабликова есімді тұрғынның 30-ға жуық мысығы мен 10 шақты иті бар. Ол үй жануарларына чип орнатуға қарсы болмаса да, мұны қалтасы көтермейтінін айтады.
"Жануарларға қатысты енгізілген заңды қолдаймын. Бірақ маған үйдегі барлық жануарды бірден тіркеу ауыр, ақшам жоқ. Бұлай ит пен мысықты көп асырап отырған мен ғана емес. Сол себепті экология министрлігі өз есебінен чип орнатып берсе екен дейміз", – деді Петропавл тұрғыны Зоя Пабликова.
Оқи отырыңыз: "Қазақстан халқынан ит пен мысықты өлтірмеуді өтінемін". Брижит Бардомен эксклюзив сұхбат
Экология министрлігінің мамандары жануарларға орнатылатын чиптің олардың қайда жүргенін тез анықтауға көмектесетінін айтады. Шприц арқылы салынатын сұйықтық тері мен ет арасында тұрады. Оны жануар иесі өз қаражатына орнатады. Иесі жайлы ақпарат беретін құрылғыдан бөлек тағы болюстер арқылы орнатса болады.
"Министрлік үй жануарларын есепке алу ережелерінің жобасын әзірледі. Оның шеңберінде ит пен мысық міндетті есепке алынатын жануарлар түріне жатады. Ал, үй жануарларының басқа түрлеріне келетін болсақ, оларды тіркеу ерікті түрде жүргізіледі. Сондай-ақ, төрт түлік мал яғни, ауыл шаруашылығы жануарларына жататын болғандықтан экология министрлігінің құзыретіне кірмейді", – деді ҚР экология министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Мақсат Насыр.
Жануарларды тіркеу 2023 жылдың 1 қыркүйегінен басталады. Оларды иелері бір жыл ішінде чиптеуі керек. 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап чип орнатылмаған жануар иесіне 10 АЕК көлемінде айыппұл салынады.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Алматыдағы «Шымбұлақ» тау шаңғы курорты Гиннес рекордтар кітабына кірді 🥳
-
382
-
0
-
11
-
-
2🗓 26-27 сәуір Қазақстан халқы Ассамблеясының XXХІI сессиясы өтеді
-
337
-
0
-
0
-
-
3💰Бала күтімімен отырған ата-ана үшін зейнетақы жарнасы бюджет есебінен төленеді
-
318
-
0
-
0
-
-
4🧩 Қазақстанда балаларға арналған 50 оқу-сауықтыру және 100 ірі ойын-сауық орталығы салынады
-
336
-
0
-
0
-
-
5🔎 Қазақстанда қылмыстық іс бойынша 2,5 мыңнан астам күдіктіге іздеу салынған
-
306
-
0
-
0
-
-
6Тоқаев аралас жекпе жек шебері Шавкат Рахмоновты қабылдады
-
295
-
0
-
9
-
-
7🔗 Биыл Қазақстанда пара беру 45%-ға өскен
-
273
-
0
-
3
-
-
8🗳 Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс сайлауының қорытындысын жариялады
-
309
-
0
-
3
-
-
9⚡️Мәжілісте 6 партияға қанша мандат берілді?
-
311
-
0
-
3
-
-
10Қазақстанда мұғалімдердің білімін бағалауға өтініш қабылдау басталды
-
300
-
0
-
0
-