Италиялық La Nazione басылымы елдің Умбрия аймағындағы Альто-Тевере және Сан-Сеполькро елді мекендерінде жиырмадан астам үй мысығының жоғалғанын хабарлады. Жануарларды қорғау ұйымы жергілікті полицияға шағымданғанымен, олар әлі бірде-бір мысықты таппаған.
Басылымның жазуынша, мысықтардың жоғалуы жыл сайын Хэллоуин мерекесі қарсаңында қайталанып отырады. Италияның осы аумағында мекендейтін діни секта өкілдері арасында мысықтарды құрбандыққа шалу рәсімі қалыптасқан.
Италиядағы ENPA жануарларды қорғаумен айналысатын ұйымның аумақтық бөлімшесінің президенті Мария Роза Инчандела басылымға берген сұхбатында бұл жабайы діни дәстүр мысық атаулыға үлкен қауіп төндіретінін айтқан. Оның сөзінше, мысықтардың жоғалуы тек бұл елді мекендер ғана емес, өзге өңірлерде тіркелген. Оған қоса, жоғалған мысықтар саны жылдағыдан артып келеді.
Пандемияға дейінгі кезеңде дәл осы Хэллоуин мерекесінен кейін әдейі өртелген мысықтардың денесі табылған. Мария Роза Инчандела бұл да діни секталардың ісі екеніне сенімді.
Дегемен, өңірдің ресми билік өкілдері бұл болжамды әлі нақты растамаған. Қазіргі таңда жоғалған мысықтарды іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.
Жаңа Зеландия 25 жылда жабайы мысықтардың көзін түгел жоюды көздеп отыр
Эколог Қазақстанда ит пен мысықтың санағын жүргізуді ұсынды