IT саласындағы стартаптардың негізін қалаған әйелдер жалпы жүлде қоры 85 мың АҚШ долларын құрайтын Aurora Tech Award 2025 байқауына қатыса алады. Іріктеу 2024 жылы 2 қыркүйек пен 21 қараша аралығында өтеді.
Aurora Tech Award премиясының мақсаты – ақпараттық технологиялар саласындағы кәсіпкер әйелдерді қолдау. Бастама 2020 жылы іске қосылып, жыл сайын стартап негізін қалаған әйелдерді қолдап, әйел көшбасшылардың табыс табуына шабыт береді және оны қалыпты жағдайға айналдырады. Былтыр Қазақстаннан үш кәсіпкер халықаралық байқаудың шорт-тізіміне енді. Олар: Your Accessible Guide компаниясының тең құрылтайшысы Надежда Анпилогова, Porte Tech негізін қалаушы Айдана Айтуарова және Ozim платформасының негізін қалаушы Әсем Тәжіба.
Осы маусымда ұйымдастырушылар бірқатар маңызды өзгерістер енгізді. Жүлде қоры 85 мың АҚШ долларына дейін ұлғайды. Енді жүлде бес қатысушыға беріледі:
- 1-орынға – 30 мың АҚШ доллары;
- 2-орынға – 20 мың АҚШ доллары;
- үшінші орынға 15 мың АҚШ доллары;
- төртінші және бесінші орындарға әрқайсысына 10 мың АҚШ долларынан.
Финалисттер тәлімгерлік бағдарламаға қатыса алады. 2-2,5 ай бойы олар өз жобаларын дамыту үшін саладағы жетекші сарапшылардан құнды кеңестер мен қолдау алады.
Сондай-ақ, өтінім беру процесі енді үш кезеңнен тұрады:
- ең перспектив өтінімдерді алдын ала іріктеу;
- 100 іріктелген жоба үшін питч-сессия;
- содан кейін қазылар алқасы 15 финалистті анықтайды.
"Технология саласындағы әйелдерді қолдай отырып, біз тең мүмкіндіктерге ғана емес, жаңа идеяларға да жол ашамыз. Әйел-кәсіпкерлер қазіргі мәселелерді шешу үшін жаңа көзқарас қалыптастырады. inDrive компаниясы ретінде біз әйелдердің технология саласындағы жетістіктері көптеген салаларға оң өзгерістер әкелетініне сенеміз. Aurora Tech Award – алуан түрлі және инновациялық болашақты қалыптастыруға қосқан үлесіміз", – дейді inDrive-тың операциялық жетілдіру және тұрақты даму жөніндегі директоры Ася Вильдт
Премияға қатысу үшін стартаптар келесі талаптарға сәйкес болуы керек:
- компанияның негізін қалаушы немесе негізгі басшылардың бірі әйел болуы керек;
- стартаптың құрылу уақыты бес жылдан аспауға тиіс;
- жалпы тартылған қаржыландыру көлемі, seed-раундты қоса есептегенде 4 млн АҚШ долларынан аспауы керек;
- өнімнің функционалды прототипі болуы қажет;
- MVP-сыз жобалар қарастырылмайды.
Қатысам деушілер өтінімді 2024 жылғы 2 қыркүйек пен 21 қараша аралығында Aurora Tech Award сайты арқылы бере алады. Ал финалистер мен жеңімпаздар 2025 жылдың көктемінде жарияланады.