Иркутскідегі оба қаупі: АҚШ Ресейден қосымша ақпарат беруді талап етті

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
АҚШ Ресейдің оба қаупін жоққа шығарған ақпаратына әлі де күмәнмен қарайды.

АҚШ Мемлекеттік департаменті Ресейге Иркутск облысында обаға қарсы институт қызметкерінің қайтыс болуына байланысты қосымша ақпарат беру туралы дипломатиялық нота жолдады. Бұл туралы The Washington Post басылымы хабарлады.

Бұл ретте АҚШ жұқпалы аурулар қаупі туындаған кезде қандай да бір мемлекеттің Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын және өзге де елдерді хабардар етуі керектігі туралы міндеттемені алға тартып отыр. 

"Қазір нақты не болғаны туралы бізде ақпарат аз. Ресей билігі Қытайдың COVID-19 жағдайындағы әрекетін қайталамауы қажет", – делінген баспасөздегі хабарламада. 

Еске салайық, халықаралық медициналық-санитариялық ережелерге сәйкес, мемлекеттер халықаралық деңгейдегі төтенше жағдайға ұласуы мүмкін оқиғалар туралы 24 сағат ішінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына хабарлауға тиіс. Алайда, Ресей үкіметі оба қаупі туралы ақпаратты жоққа шығарған және обаға қарсы институт қызметкерінің пневмониядан қайтыс болғанын хабарлаған болатын. 

Бұған дейін АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Ресей обаға қарсы институт қызметкерінің өліміне қатысты көбірек мәлімет беруі керек екенін мәлімдеген. Сондай-ақ, АҚШ-тың Ресейдегі елшілігі өз азаматтарына ел аумағынан дереу кетуге кеңес берген болатын.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау