Messages қосымшасына жалаңаштанған адамның суреті келсе, балаға блюр эффекті қолданылған күйде көрсетіледі.
Apple компаниясы iOS жүйесінің жаңартылғанын және бұдан былай құрылғыларының балалар үшін қауіпсіз бола түскенін хабарлады. Бұл туралы ixbt.com сайты жазды.
"iOS 15.2-де иесінің iPhone немесе iPad арқылы жалаңаштанған адамның суреттерін алғанын немесе біреуге жібергенін білуге болады. Бұл өзгеріс балаларды қаскүнемдерден қорғауға көмектеседі", – делінген хабарламада.
Apple тамыз айында iPhone Messages қосымшасын жалаңаштанған адамдардың суретін анықтау үшін жаңартатынын мәлімдеген болатын. Жуырда Developer Beta 2-де iOS 15.2 қосылды. Messages қосымшасына жалаңаштанған адамның суреті келсе, балаға блюрленген күйде көрсетіледі. Егер суреттің түпнұсқасын көруге тырысса, "Сенімдісіз бе?" деген сұрақ қойылады. Бала суретті көрген жағдайда, ата-анасына хабарлама барады.
Сондай-ақ, бала өзге бір адамға жалаңаштанған адамның суретін жібермек болса да, ата-анасына хабарлама барады. Бастапқыда телефонда бұл қызмет өшіп тұрады. Оны бала мен ата-ана өз қалауынша қоса алады.
Еске салсақ, енді мүгедектік бойынша жәрдемақы алу үшін бір SMS жіберу жеткілікті екені туралы хабарлаған едік. Биыл "Жұмысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау", "Көпбалалы отбасыға жәрдемақы тағайындау" сынды проактив қызметтер іске қосылады.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🇰🇿Азия ойындары: бүгін Қазақстан құрамасы қандай жарыстарға қатысады
-
286
-
1
-
8
-
-
2🥤Қазақстанда алкогольсіз сусындар өндірісі артты
-
260
-
0
-
9
-
-
3🧑⚖️Павлодарда студентке қол көтерген колледж оқытушысының үстінен іс қозғалды
-
244
-
0
-
6
-
-
4🥳🥈Қоржынға тағы екі күміс медаль
-
238
-
0
-
10
-
-
5🏅Төртінші алтын!
-
237
-
0
-
14
-
-
6💵Маңғыстау облысында алимент төлеуден жалтарған 65 тұрғын жауапқа тартылды
-
225
-
0
-
5
-
-
7💊Астана полицейлері мефедронның 2 мыңнан астам дозасын тәркіледі
-
207
-
0
-
5
-
-
8🐬Бразилияда 39 Цельсия градусқа (Фарангейт бойынша 102 градус) дейін көтеріліп, 100-ден астам дельфин қырылып қалды
-
210
-
0
-
6
-
-
9📣Қазақстанның бірқатар өңірлерінде нысандарға жылу беріле бастады
-
208
-
0
-
5
-
-
10💬Жеке деректері қолды болған қазақстандықтарға SMS арқылы хабар беріледі
-
205
-
0
-
2
-