USD: 469.5 / 471.9
  • EUR: 537.0 / 542.0
  • RUB: 5.67 / 5.79
Тікелей эфир
Алматы +34C
Все города

Инвестициялар магниті: елорда туралы жаңа заң Астананың экономикалық әлеуетін күшейтеді

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Қазақстанда ел астанасын кешенді дамыту тетіктері заңнамалық тұрғыдан бекітілді.

Парламент астана мәртебесін айқындауға, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және азаматтар үшін жайлы әрі қауіпсіз қалалық орта қалыптастыруға бағытталған "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Конституциялық заңды екінші оқылымда қабылдады, деп хабарлады Парламент мәжілісінің баспасөз қызметі

Заңда жергілікті мемлекеттік басқарудың ерекшеліктері қарастырылған. Олардың қатарында астананың республиканың саяси, әкімшілік, мәдени және экономикалық орталығы ретіндегі рөлін атқаруы үшін жағдай жасау, орнықты әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы арқылы оның бәсекелестік мүмкіндіктерін арттыру, сондай-ақ халықаралық қатынастар орталығы ретіндегі рөлін күшейту бар. 

Бұдан бөлек, астана мәслихаты мен әкімдігінің өкілеттіктері бекітіледі. Мәслихат басқа мемлекеттердің жергілікті өкілді органдарымен халықаралық байланыстар орнатады, мемлекет қажеттілігі үшін жер телімін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті иеліктен шығару туралы шарттардың жобаларын келіседі, қала құрылысы регламентін және астана аумағын құрылыстық игеру схемаларын бекітеді. 

Өз кезегінде әкімдікке реконструкциялау объектілерін жобалау, салу және пайдалануға беру мерзімдеріне бақылау жасауды жүзеге асыру, апаттық жағдайдағы көппәтерлі тұрғын үйлерді бұзуды ұйымдастыру, қаланың біртұтас архитектуралық келбетін қалыптастыру және астананың дизайн-кодын сақтау үшін жөндеуге жататын көп пәтерлі тұрғын үйлердің тізбесін айқындау, сондай-ақ жол қозғалысын ұйымдастырудың кешенді схемасын әзірлеу құзыреттері беріледі. 

Сондай-ақ заң аясында қала аумағы мен қала маңы аймағына, астананың инфрақұрылымына қатысты мәселелер және басқа да бағыттар реттеледі. Бұл ретте орманды саябақ аймағы қорғаныстық, экологиялық және рекреациялық функцияларды атқаратын аумақ ретінде айқындалады. Оның шекараларын белгілеу мен өзгертуді астана әкімдігінің ұсынуы бойынша Үкімет жүзеге асыратын болады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау