ІІМ референдум қарсаңында жалған ақпаратқа қатысты үндеу жасады

Фото: Рolisia.kz
Фото: Рolisia.kz
Жалған ақпарат таратқандар жауапқа тартылады.

15 наурызда өтетін референдум қарсаңында Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі ресми үндеу жариялады.

Ведомство атынан мәлімдеме жасаған ресми өкіл Шыңғыс Әлекешев азаматтарды жалған ақпаратқа сақ болуға шақырды.

Оның айтуынша, әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде мұндай маңызды кезеңде арандату сипатындағы және шындыққа жанаспайтын хабарламалар жиі таралады. Мұндай контенттің мақсаты – қоғамды адастыру және тұрақсыздық тудыру.

Ресми өкіл цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектінің дамуына байланысты жалған материал жасау жеңілдегенін атап өтті. Ол көрінеу жалған ақпарат тарату заң бұзушылық екенін еске салды. Мұндай әрекеттер үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

ІІМ азаматтарды тексерілмеген ақпаратты таратпауға, ақпараттық мәдениетті сақтауға және күмәнді хабарламаларды әрі қарай жібермеуге шақырды. Ведомство референдум кезінде қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздіктің толық қамтамасыз етілетінін мәлімдеді.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз