13 наурызда республикалық референдум алдындағы үгіт-насихат кезеңі аяқталады. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Орталық референдум комиссиясы өкілі Ләззат Сүйіндік мәлімдеді.
Оның айтуынша, "Республикалық референдум туралы заңға" сәйкес референдум алдындағы күн мен дауыс беру күні үгіт жүргізуге тыйым салынады.
"Бүгін сағат 00:00-де үгіт-насихат кезеңі аяқталады. Осы сәттен бастап "тыныштық күні" басталады. Яғни, 14 және 15 наурызда кез келген үгіт-насихатқа тыйым салынады. Алайда бұған дейін ілінген плакаттар өз орнында қалуы мүмкін", – деді Ләззат Сүйіндік.
Сонымен қатар бұл талаптарды бұзған тұлғалар Қазақстанның Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жауапкершілікке тартылады.
Комиссия өкілінің айтуынша, дауыс беру күні сайлау учаскелерінің ішінде қоғамдық пікірге сауалнама жүргізуге рұқсат етілмейді. Азаматтардың пікірін тек учаскеден шыққаннан кейін ғана сұрауға болады. Мұндай сауалнама жүргізетін ұйымдар алдын ала Орталық референдум комиссиясын хабардар етуге тиіс.
USD:
484.3 / 487.3
EUR:
555.0 / 560.0
RUB:
5.99 / 6.11
Пікірлер
Әзірге пікірлер жоқ…