USD: 468.3 / 470.9
  • EUR: 540.0 / 545.0
  • RUB: 5.53 / 5.65
Тікелей эфир
Алматы +18C
Все города

2 млрд теңге: Алматыда интернет арқылы интимдік қызмет ұйымдастырғандар ұсталды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Kizdar.net ісі бойынша күдіктілер қамауға алынды.

Алматы прокуратурасының үйлестіруімен интимдік қызметтерді жарнамалаған Kizdar.net интернет-ресурсының қызметі тоқтатылып, оны ұйымдастырды деген күдікпен бірнеше адам ұсталды.

Алматы қаласы прокуратурасының мәліметінше, Kizdar.net интернет-ресурсын ұйымдастырушылардың заңсыз қызметіне тосқауыл қойылды.

"Тергеу деректеріне сәйкес, күдіктілер 2011 жылдан бері сайт арқылы интимдік қызметтерді жарнамалап, ақылы негізде қызмет көрсетуді ұйымдастырған. Интернет-ресурстың болжамды ұйымдастырушылары ұсталып, олардың әрекеттері қылмыстық кодекстің 309-бабының 2-бөлігі бойынша сараланған. Сот санкциясымен күдіктілер қамауға алынды", – делінген хабарламада.

Тінту жұмыстары барысында ірі көлемдегі ақша қаражаты, цифрлық активтер, компьютерлік техника және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленген.

Прокуратураның алдын ала мәліметі бойынша, күдіктілердің заңсыз қызметтен тапқан табысы 2 миллиард теңгеден асқан. Қазір қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр. Құқық қорғау органдары істің өзге мән-жайларын анықтап жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау