USD: 469.5 / 471.9
  • EUR: 538.0 / 543.0
  • RUB: 5.65 / 5.77
Тікелей эфир
Алматы +40C
Все города

ІІМ оқушылар мен студенттерді күмәнді жұмыс ұсыныстарынан сақ болуға шақырды

Фото: Pixabaу
Фото: Pixabaу
"Жеңіл табыс" ұсыныстарының артында қылмыс тұруы мүмкін.

Ішкі істер министрлігі жазғы демалыс қарсаңында оқушылар мен студенттерге үндеу жасап, күмәнді жұмыс ұсыныстарынан сақ болуға шақырды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Ведомство мәліметінше, каникул кезінде интернет пен әлеуметтік желілерде "жеңіл әрі тез табыс" ұсынатын хабарландырулар көбейеді.

Алайда мұндай ұсыныстардың артында есірткі тасымалдау, тарату, насихаттау және жарнамалау сияқты заңсыз әрекеттер жасырынуы мүмкін.

"Бұл жай ғана қауіп емес, бұл – қылмыс. Есірткіге қатысты қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан басталады. Ең қатаң жаза өмір бойына бас бостандығынан айыруға дейін қарастырылған", – деді Қуандық Әлжанов.

Оның айтуынша, бір ғана "жеңіл табыс" адамның бүкіл өміріне кері әсер етуі мүмкін.

ІІМ жастарды күмәнді жұмыс ұсыныстарынан бірден бас тартуға шақырды.

"Жылдам табыс иллюзиясы үшін өз болашағыңызды қатерге тікпеңіз. Еркіндік ақшадан қымбат, ал болашақ уақытша пайдадан маңызды", – деді Қуандық Әлжанов.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау