ІІМ балалар қауіпсіздігіне қатысты маңызды ескерту жасады

Фото: Рolisia.kz
Фото: Рolisia.kz
ІІМ балаларды арандатуға ермеуге шақырды.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі балалар мен жасөспірімдердің қауіпсіздігіне қатысты ата-аналарға үндеу жасады. Ведомство балалардың ойланбай жасаған әрекеті ауыр зардапқа әкелуі мүмкін екенін ескертті. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

ІІМ кейде қарапайым болып көрінетін бұзықтық немесе ойланбай жасалған әрекеттің бірнеше секунд ішінде ауыр жағдайға әкелуі мүмкін екенін атап өтті.

"Жүгіріп өтіп үлгеремін", "Мен тек қорқытқым келді", "Ол маған тиісті, мен де жауап беруім керек" деген ойлардың соңы қайғылы жағдайға ұласуы ықтимал. Мұндай сәтте адам өз әрекетінің салдарын ойлап үлгермеуі мүмкін. Алайда көлік бірден тоқтай алмайды, қарапайым жанжал төбелеске айналуы ықтимал. Ал кездейсоқ қолға түскен заттың өзі басқа адамға ауыр жарақат келтіруі мүмкін", – делінген хабарламада.

ІІМ болған жағдайдан кейін уақытты кері қайтарып, оның салдарын өзгерту мүмкін емес екенін еске салды. Министрлік балаларға мықтылықтың өзіне қауіп төндіруде немесе біреу ұрса, жауап ретінде ұруда емес екенін түсіндіру қажет деп санайды.

Ведомствоның айтуынша, нағыз мықтылық – дер кезінде тоқтай білу, қажет болса шегіну және арандатуға ермеу. Біреу әдейі ашуға тиген жағдайда да сабыр сақтап, "Мұның соңы не болады?" деп ойланған маңызды.

ІІМ ата-аналарды балаларымен осындай жағдайлар туралы жиі сөйлесуге шақырды. Ведомство баланы тек "болмайды" деп шектеумен шектелмей, белгілі бір әрекеттің неліктен қауіпті екенін және оның қандай салдарға әкелуі мүмкін екенін түсіндіру маңызды екенін атап өтті.

Балаларды ашуға берілмей, алдымен ойланып, содан кейін әрекет етуге үйрету қажет. Сондай-ақ қиындық туындаған жағдайда көмек сұраудан қорықпай, мәселені жасырмай, дер кезінде ата-анаға, басқа ересектерге немесе тиісті қызметтерге жүгінуге шақырды.

"Кейде бірнеше секунд ішінде қабылданған бір дұрыс шешім адамның денсаулығын, болашағын, тіпті өмірін сақтап қалуы мүмкін", – деп ескертті ІІМ.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау