Гүлдер әуе жолы арқылы тасымалданады.
II Елизавета патшайымды жерлеу рәсімінде пайдалану үшін Түркиядан Ұлыбританияға кем дегенде 1,5 миллион гүл жіберіледі, деп хабарлады Egemen.kz Hurriyet.com сайтына сілтеме жасап.
"Ұлыбритания тарапынан сұраныстың күрт артуы байқалады. Әдетте осы кезеңде біз британ нарығына апта сайын 600-700 мың гүл жібереміз, бірақ Елизавета патшайымды жер қойынына табыстау кезеңінде бұл көрсеткіш 1,5 миллионға жетеді деп есептеп отырмыз", – деді Анадолы сәндік өсімдіктер мен өнімдерді экспорттаушылар қауымдастығының басшысы Исмаил Йылмаз.
Ол бірінші кезекте қалампырға сұраныс артқанын түсіндірді. Тіпті гүл жеткізуді тездету үшін дәстүрлі жүк көліктерінің орнына Ұлыбританияға әуе арқылы тасымалдана бастаған.
Оқи отырыңыз:
- Екінші Елизавета патшайымның өмірі туралы не білесіз? Тест
- Тақ үстіндегі 70 жыл: Екінші Елизавета патшайым өмірінен ең маңызды деректер
"Егер бірінші жағдайда жеткізу 7-8 күнге созылса, ұшақ арқылы жіберілген гүлдер келесі күні-ақ тапсырыс берушіге жетеді", – деді Анталия тауар биржасы ассамблеясының мүшесі Селчук Челеби.
Еске салсақ, 8 қыркүйекте Ұлыбритания патшайымы II Елизавета 97 жасқа қараған шағында қайтыс болды. Оны жерлеу рәсімі 19 қыркүйекте өтеді.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Алматыдағы «Шымбұлақ» тау шаңғы курорты Гиннес рекордтар кітабына кірді 🥳
-
388
-
0
-
11
-
-
2🗓 26-27 сәуір Қазақстан халқы Ассамблеясының XXХІI сессиясы өтеді
-
340
-
0
-
0
-
-
3💰Бала күтімімен отырған ата-ана үшін зейнетақы жарнасы бюджет есебінен төленеді
-
321
-
0
-
0
-
-
4🧩 Қазақстанда балаларға арналған 50 оқу-сауықтыру және 100 ірі ойын-сауық орталығы салынады
-
339
-
0
-
0
-
-
5🔎 Қазақстанда қылмыстық іс бойынша 2,5 мыңнан астам күдіктіге іздеу салынған
-
310
-
0
-
0
-
-
6Тоқаев аралас жекпе жек шебері Шавкат Рахмоновты қабылдады
-
298
-
0
-
9
-
-
7🔗 Биыл Қазақстанда пара беру 45%-ға өскен
-
277
-
0
-
3
-
-
8🗳 Орталық сайлау комиссиясы мәжіліс сайлауының қорытындысын жариялады
-
312
-
0
-
3
-
-
9⚡️Мәжілісте 6 партияға қанша мандат берілді?
-
315
-
0
-
3
-
-
10Қазақстанда мұғалімдердің білімін бағалауға өтініш қабылдау басталды
-
305
-
0
-
0
-