Осы жәрдемақы тағайындалуы үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшелеріне өтініш беру қажет.
Қазақстанда мүгедектік себебіне қарамастан I топтағы мүгедектің күтімі бойынша жәрдемақы енгізілді. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азаматтардың жекелеген санаттарын әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңына сәйкес, Қазақстанда мүгедектік себебіне қарамастан, I топ мүгедегіне күтім жасайтын адамдарға 48 023 теңге көлемінде жәрдемақы енгізілді, деп хабарлайды ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.
Заңды іске асыру үшін Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің "Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы" 2015 жылғы 3 маусымдағы № 445 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
I топтағы мүгедекке күтім жасайтын адамдар осы жәрдемақыны тағайындау үшін "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының бөлімшелеріне өтініш бере отырып, оған мынадай құжаттарды қоса тапсырады:
- жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік, қандас куәлігі, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат);
- I топтағы мүгедекке қамқоршылық белгіленгенін растайтын құжат (ондай дерек болған жағдайда);
- күтім жүзеге асырылатын адамның мүгедектігі туралы анықтама;
- сәйкестендіру үшін – жәрдемақы беру жөніндегі уәкілетті ұйымдағы банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжат;
- психикалық денсаулық орталығында есепте тұру дерегінің жоқтығы туралы анықтама.
Бұдан басқа, күтімді жүзеге асырушы ретінде айқындалған адамның әрекет қабілеттілігі туралы мәліметтер жеке басын куәландыратын құжат бойынша ҚР әділет министрлігінің "Жеке тұлғалардың мемлекеттік дерекқоры" ақпараттық жүйесінде тексеріледі.
Еске салсақ, мүгедектігі бар 30 мыңнан астам балаға берілетін жәрдемақының 20% ұлғаятыны туралы хабарлаған едік. Мұнымен қатар, 7 жастан бастап балаларға мүгедектік топтарын белгілеуді көздейтін норма өз күшіне енді.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📣 Республикалық "Үздік педагог" байқауына енді жекеменшік мектеп мұғалімдері де қатыса алады
-
304
-
0
-
0
-
-
2🐻Шымкенттегі зообақта қонжық дүниеге келді
-
276
-
0
-
5
-
-
3🌊 Каспий теңізі арқылы есірткі тасымалдап жүргендер ұсталды
-
257
-
0
-
0
-
-
4⚡️Елена Рыбакина АҚШ-тағы WTA 1000 турнирінің финалына шықты!
-
262
-
0
-
6
-
-
5ҰҚК шекара қызметіне 150 адам әскери жиындарға шақырылады 🫡
-
257
-
0
-
0
-
-
6📉 Алматы облысында тауарлық газ тарифі төмендетілді
-
260
-
0
-
0
-
-
7📣 1 сәуірде жүлдеге Ұмра қажылығына жолдама беретін мүшәйраға өтінім қабылдау басталады
-
254
-
0
-
0
-
-
8💸 Қазақстанда азық-түлік қымбаттады
-
259
-
0
-
0
-
-
9📣 Қандастар мен шетел азаматтарына арналған оқу грантына құжат қабылдау басталды
-
256
-
1
-
1
-
-
10❕ Қазақстанда жыл басынан бері мыңнан аса еңбек заңнамасы бұзылған
-
260
-
0
-
0
-