Тікелей эфир

ХҚКО мереке күндері қалай жұмыс істейді?

Халыққа қызмет көрсету орталықтары Астана күнін тойлауға орай, 6 шілдеде жұмыс істемейді.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы алдағы мереке күндері Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен арнайы ХҚКО жұмыс кестесін жариялады.

"Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен арнайы ХҚКО Құрбан айт пен Астана күнін тойлауға орай, 28 маусымда және 6 шілдеде жұмыс істемейді. Кезекші ХҚКО мен арнайы ХҚКО-лар азаматтарды 7 және 8 шілдеде сағат 13:00-ге дейін қабылдайды. Арнайы және қарапайым халыққа қызмет көрсету орталықтары үшін 1 шілде, сенбі жұмыс күні болады. Бұл күні ХҚКО азаматтарды сағат 18:00-ге дейін, арнайы ХҚКО 20:30-ға дейін қабылдайды", – делінген хабарламада. 

Мемлекеттік корпорация қазір автомобильдерді заңдастыруға тартылған елдің арнайы ХҚКО-лары күшейтілген жұмыс режиміне көшкенін еске салды. 1 шілдеге дейін олар азаматтарды жұмыс күндері сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін (құжаттар 20:30-ға дейін беріледі), сенбі күні 09:00-ден 18:00-ге дейін (құжаттар 19:30-ға дейін беріледі) қабылдайды.

 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары