USD: 485.5 / 488.1
  • EUR: 554.5 / 559.5
  • RUB: 5.97 / 6.09
Тікелей эфир
Алматы +31C
Все города

1 шілдеден бастап сенбі күні кезекші ХҚКО жұмыс істейді

Сенбі күнгі жұмыс уақыты: 9.00 мен 13.00 аралығы.

Қазақстанда халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі 1 шілдеден бастап өзгереді, деп хабарлады "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз қызметі.

Енді халыққа қызмет көрсету орталықтары мереке күндерін қоспағанда, сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді.

Ал жұмыс күндері олардың жұмыс кестесі өзгеріссіз қалады: 9.00-ден 20.00-ге дейін.

"ХҚКО-ның қалған бөлімдері дүйсенбі-жұма күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін стандартты кесте бойынша жұмысын жалғастырады. Қазақстандықтар сондай-ақ "ХҚКО" қосымшасы арқылы, бірыңғай байланыс орталығының 1414 нөмірі бойынша, eGov порталында, EgovKzBot2.0 телеграм-ботында, Egov mobile қосымшасы арқылы ХҚКО-ға кезекті алдын ала брондай алады", – делінген "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының баспасөз хабарламасында.


Оқи отырыңыз: Мәжіліс депутаты әр облыста кемі 3-4 ауданаралық мамандандырылған ХҚКО ашуды ұсынды


 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз