Тіл маманы өзге ұлт өкілдерінің 3-6 айда қазақ тілін үйреніп кете алатынын айтты.
Қазақ тілі курсының мұғалімі Владислав Тен 31 арна эфирінде берген сұхбатында өзге ұлт өкілдері қазақ тілін үш ай немесе жарты жылда үйреніп кете алатынын айтты. Бұл үшін ең бастысы оларға мотивация керек.
– Депутат Қазыбек Иса салық төлеу қандай міндет болса, мемлекеттік тілді білу де сондай міндет екенін айтты. Сіздің ойыңызша, мемлекеттік тілді міндеттейтін заң қабылдануы керек пе?
– Керек деп ойлаймын. Бірақ, барлық адам емес, мемлекеттік қызметте жұмыс істейтін азаматтарға ғана. Негізі қазақша үйрену оңай емес. Оны әрбір адам оңай үйреніп кете алмайды.
– Өзге ұлт өкілі қаласа, қазақ тілін қанша уақытта үйрене алады?
– Бұған екі жақтан қарау керек. Біріншіден, ол тілді үйренушінің ниеті мен ерік-жігеріне байланысты. "Қазақ тілін білмесем, жұмысымды жоғалтамын" деген мотивация болуы керек деп ойлаймын.
Екіншіден, тілді үйрететін мұғалім де өте жақсы болуы керек. Кей адамға үш ай, тағы бір адамға жарты жыл жетеді. Бірақ, сабақ күнде өтуі тиіс.
Оқи отырыңыз: "Субтитр қазақ тілінің мәртебесін түсіреді". Қазақстанның кино нарығы туралы дубляж режиссерімен сұхбат
– Шетелден қоныс аударушыларға мемлекеттік тіл мен ел тарихынан емтихан тапсыруы тиіс деген талапқа не айтасыз?
– Бұл талапты мен қолдаймын. Бірақ, егер осындай талап болатын болса, онда елге тек қазақтар келеді. Басқа ұлт өкілдері келмейді. Дегенмен, олар басқа жол табады. Мысалы, орыс тілінде сөйлейтін азаматтар Қазақстанға бизнес жасау, болмаса басқа ниетпен келмейді. Тек қазақтар мен түркітілдес азаматтар ғана келеді.
Бәлкім тіл саясаты ретінде бұл да жақсы саясат шығар. Мұндай саясат қазақ тілінің болашақта дамуына, оның мәртебесін көтеруге көмектеседі.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Түркістан облысында ірі жасырын есірткі бизнесі мен зертханасы анықталды
-
315
-
0
-
3
-
-
2🚑 Қазақстан өңірлік онкоорталықтарға заманауи жабдықтар сатып алады
-
289
-
0
-
0
-
-
3📣 Бүгін сағат 10:00-де Парламенттің VIII шақырылымының бірінші сессиясы өтеді
-
272
-
0
-
0
-
-
4⚡️Қасым-Жомарт Тоқаевтың парламенттің бірінші сессиясы ашылуындағы сөзі басталды
-
262
-
0
-
0
-
-
5⚡️Президент сөзінен үзінді:
-
266
-
1
-
4
-
-
6⚡️Қазақстан үкіметі өкілеттігін доғарады
-
256
-
0
-
0
-
-
7⚡️Президент сөзінен үзінді:
-
254
-
0
-
2
-
-
8⚡️Президент: партияларға, үміткерлерге бірдей мүмкіндік берілді
-
246
-
0
-
2
-
-
9⚡️Президент: Биыл алғаш рет 45 аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерін тікелей сайлау өтеді
-
240
-
0
-
2
-
-
10⚡️Президент: алдағы бес жыл ел тағдыры шешілетін маңызды кезең болмақ
-
244
-
0
-
0
-