Ал Оқу-ағарту министрлігі мектеп оқушылары арасында этносаралық қатынастарды нығайтатын жұмыстарды жүргізеді.
Ғылым және жоғары білім министрлігі азаматтарды тілдік қағидат бойынша кемсітуге жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Бұл туралы Үкімет қаулысының жобасында жазылған.
Құжатта бұл толықтыру президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы ассамблеясының ХХХІ сессиясында берілген тапсырмаларын орындау аясында енгізілгені жазылған. Сондай-ақ, Ғылым және жоғары білім министрлігіне биылдың соңына дейін этносаралық қатынастар мәселелерін бекіту тапсырылған.
Қаулы жобасы бойынша министрлік жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алатын жастар арасында этносаралық келісім мен Қазақстан халқының бірлігі қағидаттарын қалыптастыруға және нығайтуға жәрдемдеседі.
Қаулы жобасы 7 желтоқсанға дейін қоғамдық талқылауға ашық.
Оқи отырыңыз:
- Қазақстанның қай өңірінде қанша қазақ бар? Интерактив карта
- Мектеп оқушыларына психолог көмегі не үшін қажет? Министр жауабы
Сонымен қатар Оқу-ағарту министрлігінің жұмыстарына да толықтыру енгізіледі. Атап айтқанда министрлікке:
- оқушылардың бойында толеранттылықтың, тұлғааралық және этносаралық коммуникациялардың жоғары мәдениетін қалыптастыруды қамтамасыз ету;
- балалар мен жасөспірімдер арасында профилактикалық шаралар қабылдау және этносаралық қақтығыстарды анықтау;
- оқушылар арасында толерантты этносаралық қатынастарды нығайтуға, оларда инклюзивті және мәдениетаралық өзара іс-қимылды қалыптастыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру ұсынылады.
Қаулы жобасы 30 қарашаға дейін қоғамдық талқылауға ашық.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов төрағалығымен өткен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссия отырысында тауарлық газды тасымалдау саласындағы заңсыз иемденілген активтерді қайтару мәселесі қаралды
-
249
-
0
-
0
-
-
2🇰🇿 🏒 «Барыс» көш басындағы «Металлургтен» басым түсті
-
232
-
0
-
2
-
-
3😨 Хамас содырлары Иерусалимде атыс жасады
-
226
-
0
-
0
-
-
4🔹 Қазақстанның басымдықтары Скопьедегі ЕҚЫҰ Сыртқы істер министрлерінің кеңесінде ұсынылды
-
223
-
0
-
0
-
-
5💬 Депутат мүгедектігі бар жандардың проблемасын шешу үшін бірқатар ұсыныс айтты
-
218
-
0
-
0
-
-
6Қасым-Жомарт Тоқаев Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ конференциясы аясында Дубайда өтіп жатқан Дүниежүзілік климаттық саммиттің ашылу рәсіміне қатысу үшін Dubai Expo City көрме орталығына келді
-
201
-
0
-
1
-
-
7«АрселорМиттал Теміртау» цехында аспалы кран құлады: зардап шеккендер жоқ
-
199
-
0
-
0
-