Гуанчжоу – Алматы бағытындағы әуе рейсінде жолаушы қайтыс болды

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Оқиға 2025 жылғы 11 желтоқсанда болған.

Гуанчжоу – Алматы бағытындағы халықаралық әуе рейсінде жолаушы әйел қаза болды. Бұл туралы ақпаратты көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әлеуметтік желілерде таратылған деректерде жолаушының бортта жағдайы нашарлап, медициналық көмек көрсетілгенімен, аман қалмағаны айтылады.

"Аталған факті бойынша Алматы қаласы әуежайындағы Линиялық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Алдын ала қорытынды бойынша өлім себебі – созылмалы ауру. Қосымша мән-жайлар зерттеліп жатыр", – делінген хабарламада.

Полиция ҚР қылмыстық-процессуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге деректер тергеу мүддесіне орай жарияланбайтынын атап өтті.

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз