30 желтоқсанда Қытайдың Чэнду қаласы мен Алматы арасында тікелей әуе рейсі ашылады. Бұл туралы Aeroroutes.com хабарлады.
Қытайлық Air China әуе компаниясы жолаушыларды Airbus A320neo ұшағымен аптасына екі рет: сейсенбі және сенбі күндері тасымалдауды жоспарлап отыр.
Чэнду мен Алматы арасындағы сапар ұзақтығы 3,5 сағатты, ал Алматы – Чэнду сапарының ұзақтығы 5 сағатты құрайды. "Синьхуа" агенттігінің жазуынша, бұл транзиттік сапармен салыстырғанда ең кемі 7 сағат уақыт үнемдеуге мүмкіндік береді.
Tickets.kz платформасындағы баға бойынша, 30 желтоқсандағы Алматы – Чэнду бағытындағы әуе рейсіне билетті бүгін шамамен 145 мың теңгеге сатып алуға болады. Бұл өзге тікелей емес, транзиттік рейстердің бағасымен шамалас.
Чэнду – Сычуань провинциясының орталығы және көптеген өнеркәсіп орындарының ошағы Чэндуда өндірілетін көліктер, тұрмыстық техника Қазақстанға экспортталады. Сондай-ақ, Чэнду тұрғындары арасында қазақстандық феррохром, мырыш өнімдер, арпа сұранысқа ие.
USD:
517.9 / 520.9
EUR:
605.5 / 610.5
RUB:
6.45 / 6.57

