Қазақстандықтар соңғы уақытта Google Play қызметі арқылы 2Gis қосымшасын жүктеу мүмкіндігінен айырылды. Ал кейін қолданушыларға "Қауіпті қосымшаны өшіріңіз" деген хабарлама келіп бастаған болатын.
Осыған орай, 2Gis қосымшасының әзірлеушілері оны тексеріп, қосымшаның мобильді смартфондар үшін қауіпсіз екенін хабарлады.
"Қосымшаның 6.31.0.535 нұсқасы Google Play Protect жүйесінің ешқандай қаупін тудырып жатқан жоқ. Біз Касперский зертханасының аудитінен өттік. Оның ресми қорытындысы бойынша 2Gis смартфон мен ондағы жеке мәліметтер үшін толық қауіпсіз. "Қауіпті қосымшаны өшіріңіз" секілді ықтимал тәуекелдер туралы хабарламалар Google Play жүйесінде жоқ қосымшалар телефонға орнатылған жағдайда келеді", – делінген 2Gis сайтындағы хабарламада.
Сондай-ақ, қосымшаның Google Play жүйесінен алынуын уақытша деп түсіндірген әзірлеушілер 2Gis қосымшасын RuStore, xiaomi GetApps, Samsung Galaxy Store, RuMarket, Huawei App Gallery қосымша дүкендері мен apk.2gis.ru сайтынан жүктеп алуға болатынын хабарлады.
Оқи отырыңыз: 2Gis қазақ тіліндегі нұсқасын іске қосты. Қазақстандықтар оның сапасын жақсартуға қатыса алады