Сервисте қате байқасаңыз, оны мобильді қосымша не сайт арқылы компания өкілдеріне ескерту керек.
2Gis геоқызметінің баптауында қазақ тілін таңдап, түрлі ұйымның орналасқан жері туралы ақпаратты мемлекеттік тілде алуға болады, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.
Бұған дейін Қазақстандағы 2Gis интерфейсі – мәзірі, бөлімдері мен батырмалары қазақ тіліне аударылды. Енді карталар мен ұйымдар туралы деректер де мемлекеттік тілде ұсынылмақ. Осылайша қазақстандықтар 2Gis-те дүкен, дәріхана, тамақтану орындары, мәдени мекемелер, көрікті жерлер және тағы басқа орындардың орналасқан жері туралы ақпаратты мемлекеттік тілде алуға болады.

"Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Астана, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Семей, Тараз, Түркістан, Орал, Өскемен, Шымкент және республиканың тағы басқа 41 қаласы мен 1245 елді мекені туралы анықтама мен картадағы мәлімет қазақ тіліне аударылды. Енді осы қызмет түрін сынақтан өткіземіз. Қазақстандықтар мәліметтегі қате туралы қосымшада немесе сайтта ескерте алады. Мұндай кері байланыс қазақ тіліндегі іздеу қызметтерінің жұмысын жақсартып, сапалы аударма жасауға көмектеседі", – делінген компания хабарламасында.
Оқи отырыңыз: 32 жылда тек "Тілдер туралы" және "Көші-қон туралы" заңдар ғана қазақ тілінде әзірленді
Сынақ нұсқаны қолданып көру үшін келесі батырмаларды орындау қажет: мобильді қосымша → мәзір → баптаулар → тіл → қазақ тілі.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1😱 10 жылға сотталған Серік Күдебаев апелляциялық шағым түсірді
-
270
-
0
-
2
-
-
2🤑 Абай облысында таныстарын 21 млн теңгеге сан соқтырған алаяқ ұсталды
-
271
-
0
-
0
-
-
3💸 KEGOC акциялары SPO-ға шығады
-
264
-
0
-
2
-
-
4🇰🇿 Тоқаев ЕҚЫҰ басшысына: Бізді ұйымның рөлі туралы пікірлер қайшылығы алаңдатады
-
276
-
0
-
0
-
-
5🛍 "Кел де ала бер". Түркістан облысында мұқтаж жандарға арналған тегін дүкен ашылды
-
303
-
0
-
3
-
-
6🪖 "Барлық мәселе тәрбиеде": Қорғаныс министрі әскердегі әлімжеттік пен суицид туралы
-
328
-
0
-
0
-
-
7🚉Пойыз кешіккен жағдайда төленетін өтемақы мөлшері қандай?
-
292
-
0
-
0
-
-
8😍 ЮНЕСКО: "Ортеке" музыкалық-қуыршақ өнері материалдық емес мәдени мұралар тізіміне енді
-
291
-
0
-
0
-
-
9😱 Алтай Көлгінов премьер-министрдің орынбасары лауазымынан босатылды
-
296
-
0
-
0
-
-
10🏝 Павлодар облысы әкімінің бұрынғы резиденциясы мемлекет меншігіне қайтарылады
-
276
-
0
-
0
-