Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.
Мемлекеттік гранттар Республикалық комиссия отырысының қорытындысы бойынша тағайындалды. Комиссия құрамында министрліктің, мүдделі мемлекеттік органдардың, бiлiм саласы кәсiподақтарының, ҚР Ұлттық кәсiпкерлер палатасы және қоғамдық ұйым өкілдері болды.
Білім беру гранттары кешенді тестілеу нәтижелері бойынша конкурстық негізде тағайындалды.
"Магистратура бойынша білім беру гранттарын тағайындау конкурсына ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша 75 балдан, бейіндік бағыт бойынша 50 балдан жоғары жинаған оқуға түсушілер қатысты. Жалпы конкурсқа 1677 адам қатысты", – деп жазылған хабарламада.
Болашақ магистранттардың ЖЖОКБҰ-на қабылдау 2023 жылғы 26 желтоқсан мен 2024 жылғы 10 қаңтар аралығында жүргізіледі.
Оқи отырыңыз: 12 желтоқсанда магистратураға құжат қабылдау басталады