Тікелей эфир

12 желтоқсанда магистратураға құжат қабылдау басталады

Магистратураға түсушілер 3,8 мың мемлекеттік білім грантына үміткер бола алады.

Магистратураға түсу үшін грант конкурсына құжаттарды қабылдау 12-19 желтоқсан аралығында жүзеге асырылады, ал грант иегерлерінің тізімі 21 желтоқсаннан кейін жарияланады. Бұл туралы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.

Магистратураға түсушілер 3,8 мың мемлекеттік білім грантына үміткер бола алады. Оның ішінде "Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары" даярлау бағытына 1758 грант, "Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистикаға" 569 грант, "Педагогикалық ғылымдарға" 469 грант, "Ауыл шаруашылығы және биоресурстарға" 461 грант бөлінген.

Болашақ магистранттардың ЖЖОКБҰ-на қабылдау 2023 жылғы 26 желтоқсан мен 2024 жылғы 10 қаңтар аралығында жүргізіледі.


Оқи отырыңыз: Магистратура мен бакалаврдың арасын кемінде 2 жылға ашу керек


Еске салсақ, 2-8 желтоқсан аралығында кешенді тестілеу өтуде. Жалпы, тестілеуге 8 мыңнан астам өтініш қабылданды.

 

Серіктестер жаңалықтары