Ғани Бейсембаев Гүлнәр Бажкеновадан 20 млн теңге талап етті. Сот қандай шешім қабылдады

Гүлнара Бажкенова. Фото: @bazhkenova в Facebook
Гүлнара Бажкенова. Фото: @bazhkenova в Facebook
Гүлнәр Бәжкенова Ғани Бейсембаевқа 500 мың теңге төлейді.

Алматының Бостандық аудандық соты бұрынғы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың Orda.kz басылымының экс-бас редакторы Гүлнәр Бажкеноваға қарсы ар-намысын, қадір-қасиеті мен іскерлік беделін қорғау туралы талабын ішінара қанағаттандырды. Сот журналисті бұрынғы министрге 20 миллион теңге емес, 500 мың теңге моральдық өтемақы төлеуге міндеттеді.

Бейсембаев қандай жарияланымдарға шағымданды?

Бұрынғы министрдің сотқа жүгінуіне журналистің 2025 жылғы 7 қазанда Facebook, Instagram және Telegram желілерінде жариялаған жазбалары себеп болған. Онда Ғани Бейсембаевтың бұрынғы сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен туыстық байланысы бар екені және осы қатынастың оның мансап жолына ықпал еткені туралы мәліметтер айтылған.

Ғани Бейсембаев бұл жазбаларды шындыққа жанаспайды әрі өзінің ар-намысы мен іскерлік беделіне нұқсан келтіреді деп есептеген. Ол Гүлнәр Бажкеновадан жарияланымдарды өшіруді, сол әлеуметтік желілерде теріске шығаруды талап етуді, сондай-ақ 20 миллион теңге моральдық өтемақы өндіруді сұраған. Бұған қоса, мемлекеттік баж бен заңгерлік көмек шығынын өтеуді талап еткен.

Ал Гүлнара Бажкенова талапты мойындамаған. Ол жарияланымдардың салдары мен сұралған өтемақы мөлшері дәлелденбегенін айтып, талаптан бас тартуды немесе өтемақы көлемін орынды мөлшерде белгілеуді сұраған.

Сот журналисті не істеуге міндеттеді?

Сот даулы жазбалардағы мәліметтерді шындыққа жанаспайды әрі Ғани Бейсембаевтың ар-намысына, қадір-қасиеті мен іскерлік беделіне нұқсан келтіреді деп таныды. Шешімде журналист бұл мәліметтердің рас екенін дәлелдейтін айғақ ұсынбағаны көрсетілген.

Сот Гүлнәр Бажкеновадан бұрынғы министрдің пайдасына 500 мың теңге моральдық өтемақы және 7 162 теңге мемлекеттік баж шығынын өндіру туралы шешім шығарды. Алайда 20 миллион теңге көлеміндегі өтемақы талап етілген сомада негізделмеген деп танылды. Сондай-ақ сот заңгерлік көмекке жұмсалған 1 миллион теңгені өндіру туралы талапты қанағаттандырмады. Себебі талапкер бұл қызметтердің ақысын төлегенін растайтын құжаттарды ұсынбаған.

Гүлнәр Бажкенова даулы жазбаларды өшіріп, Facebook пен Instagram парақшаларында және Telegram арнасында теріске шығару жариялауға міндеттелді. Мұны сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде орындауы керек. Теріске шығару мәтіні кемінде 30 күн ашық тұруға тиіс.

Еске салайық, 2026 жылғы 18 тамызда Гүлнәр Бәжкенова сегіз жылға бас бостандығынан айырылған. Алайда кәмелетке толмаған, 14 жасқа толмаған баласы бар болғандықтан, сот жазаны өтеуді екі жылға кейінге қалдырған. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау