Тікелей эфир

Ғалымдар 10-11 сынып оқулықтарынан жоғары математика элементтерін алып тастауды ұсынды

Педагог білім беруді цифрландыру жағдайында математиканы оқытуды ұйымдастыруға инновациялық тәжірибелерді зерделеу қажет екенін айтты.

"Математика, физика және информатиканы оқыту әдістемесі" кафедрасының оқытушы-доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Есенгелді Тұяқов мектеп оқулықтарынан жоғары математика элекменттерін алып тастауды ұсынды.

Ғалымның айтуынша, 1-11-сыныптардағы математика пәнінің оқу бағдарламасын қайта қарау қажет. Оның ішінде, 10-11 және бастауыш сыныптарда енгізілген қосымша тереңдетілген білім бағдарламасын.

"10-11-сыныптарда жоғары математика элекменттерін алып тастау мәселесін қозғадық. Сонымен қатар, жалпы білім беру мектептеріне математикадан электив курстың бағдарламаларын жүйелеу және оларды жалпы еліміздегі педагог, мастер, үздік оқытушылардың іс тәжірибелерін жалпылау арқылы республика көлемінде тарату мақсаты ұсынылып отыр", – деді ғалым.


Оқи отырыңыз: ҰБТ бейіндік пәндер тізбесіне информатика енгізілді


Сондай-ақ, Есенкелді Тұяқов ұлттық бірыңғай тестілеуге, халықаралық зерттеулерге оқушыларды дайындау мақсатында математикалық сауаттылық курсын міндетті факультатив курс ретінде енгізу тиімді екеніне тоқталды.

"Осы математикалық сауаттылыққа сәйкес оқу әдістемелік кешендерін, оқу құралдарын әзірлеу қажет. Қазіргі білім беруді цифрландыру жағдайында математиканы оқытуды ұйымдастыруға инновациялық тәжірибелерді зерделеу, жалпылау және жалпы республикалық көлемде тарату белгіленіп отыр. Сонымен қатар, математика қосымша сабақтарын беруге қатысты факультативтік бөліктерден сабақтарды ұсыну мәселесі де алдыңғы қатарда", – деп қосты ғалым.

Еске салсақ, "Өзін-өзі танудың" міндетті пәндер тізімінен алынатыны туралы хабарлаған едік. Алдағы қыркүйектен бастап пәнді 1-11 сыныптар емес, тек бір сыныпта ғана оқушылардың таңдауы бойынша оқыту жоспарланып отыр.

Серіктестер жаңалықтары