Тікелей эфир

Ғабит Садырбеков бас прокурордың орынбасары болып тағайындалды

Осы тағайындауға дейін ол Қазақстан Республикасы Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының бірінші орынбасары болды.

Мемлекет басшысы бас прокурордың жаңа орынбасарын тағайындады. Бұл туралы Ақорда  хабарлады.

"Мемлекет басшысының өкімімен Ғабит Амангелдіұлы Садырбеков ҚР Бас прокурорының орынбасары болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", – деп жазылған хабарламада.

Ғабит Садырбеков 1978 жылы дүниеге келген. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Осы жылдар ішінде Астана қаласы прокуратурасының бөлім бастығы, Бас прокуратураның басқарма және бөлім бастығы қызметтерін атқарды, Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының институтын басқарды, сонымен қатар Алматы қаласы Алатау ауданының прокуроры болды.

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құқық қорғау және сот жүйесі бөлімінде қызмет атқарған. Сондай-ақ, "Қазкоммерцбанк" АҚ бас банкінің проблемалық несиелермен жұмыс департаменті директорының орынбасары, "РБК Банк" АҚ проблемалық несиелермен жұмыс департаментінің директоры, "Цеснабанк" АҚ басқарушы директоры болды.


Оқи отырыңыз: Асхат Жұмағали Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы болып тағайындалды.


2020 жылдың сәуірінен 2021 жылдың наурызына дейін – Tengri Bank АҚ басқарма төрағасының орынбасары, басқарма мүшесі. 2021 жылғы наурыздан бастап ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің аппаратын басқарды.

2022 жылдың қаңтарынан бастап ҚР Қаржы мониторингі агенттігі төрағасының бірінші орынбасары болды.

Серіктестер жаңалықтары