Францияда Луврды тонауға қатысы бар тағы бес күдікті ұсталды

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Луврды тонау ісі бойынша тергеу жалғасып жатыр.

Франция полициясы Лувр мұражайындағы ұрлық ісіне қатысы бар деген күдікпен тағы бес адамды ұстады, деп хабарлайды RTL.

29 қазанда күдіктілер Париждің әртүрлі аудандарында бір мезетте қолға түскен. Прокурор Лора Бекконың айтуынша, әзірге олардың жеке басы жария етілмейді.

"Ұсталғандардың бірі — басты күдіктілердің қатарында. Бұған дейін 25 қазанда ұсталған екі адам өз кінәсін мойындаған", – деді прокурор.

Тінту барысында ұрланған әшекей бұйымдар табылған жоқ. Істі мәдени құндылықтардың заңсыз айналымымен күрес жөніндегі орталық басқарма тергеп жатыр. Құзырлы орган ұрланған бұйымдар заңды және көлеңкелі өнер нарығына түскен-түспегенін тексеріп жатыр.

Еске салайық, 19 қазан күні бетперде киген адамдар Луврға басып кіріп, Наполеон дәуіріне тиесілі сегіз зергерлік бұйымды ұрлап кеткен. Олардың арасында императрица Евгенияның тәжі де болған, алайда қылмыскерлер қашу кезінде оны түсіріп алып, кейін тәж мұражай маңынан табылды.

Қылмыс небары 6–7 минутқа созылған. Ұрылар қару қолданбаған, бірақ күзетшілерге электрлік кескіш құралмен қорқытып, мотоциклмен іздерін жасырған.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары