"Алтын адам" Париждегі Лувр музейінде өтетін көрмеге қойылады

Францияда Қазақстанның ұлттық көрмесін ұйымдастыру 2026 жылға жоспарланған.

2026 жылға жоспарлаған Луврдағы қазақ өнерінің көрмесінде "Алтын адам" тарихи жәдігері қойылады, деп хабарлады Қазақпарат.

"Алтын адам" – Қазақстанның ең құнды жәдігері, елдігіміздің символы. Бұған дейін аталған жәдігерді халықаралық деңгейде ұлттық брендке айналдыру мақсатында "Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі" халықаралық жобасы әлемнің 12 мемлекетінде жүзеге асты. 2026 жылы Франциядағы Лувр музейінде Қазақстанның ұлттық көрмесін ұйымдастыру аясында "Алтын адам" мен музейдегі тарихи құндылығы бар заттар жәдігерлерді іріктеу комиссиясына ұсынылады", – деді Ұлттық музей өкілдері.

Еске сала кетейік, биыл ақпанда Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Луврда қазақ өнернің көрмесі өтетінін мәлімдеді.

"Қос мемлекет басшыларының кездесуінде 2025-2026 жылдары Францияда қазақ мәдениетінің күндерін өткізу туралы шешім қабылданды. Бүгін біз Луврда қазақ өнерінің көрмесін, сондай-ақ артистеріміз бен шығармашылық ұжымдарымыздың қатысуымен Парижде ауқымды концерт өткізу мүмкіндігін талқыладық. Бұл мәдениет қайраткерлері үшін құнды тәжірибе болады деп санаймын", – деген еді министр.

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Пікірлер

0
Кіруіңіз керек.
Пікірлер тексеруден өтеді.

Әзірге пікірлер жоқ…

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз