Flydubai әуе рейсіндегі шабуыл. Дональд Трамп Иранға қаһарын төкті

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Ол Иранның Flydubai ұшағындағы оқиғаға қатысы дәлелденсе, АҚШ өте қатты соққы беретінін мәлімдеді.

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранның Дубайдан Тель-Авивке ұшып бара жатқан Flydubai ұшағындағы оқиғаға қатысы анықталса, Вашингтон Тегеранға "өте қатты соққы беретінін" мәлімдеді. 

30 қыркүйекте Flydubai әуе компаниясының FZ1073 рейсінде төтенше жағдай болған. Дубайдан Тель-Авивке бағыт алған ұшақта екінші пилот әуе кемесінің командиріне шабуыл жасап, оны жарақаттаған. Салдарынан ұшақ күрт төмендей бастаған. Экипаж мүшелері мен жолаушылар шабуыл жасаған пилотты залалсыздандырып, әуе кемесін басқаруды қайта қолға алған. Кейін ұшақ Сауд Арабиясының Табук қаласына шұғыл қонды.

Оқиға кезінде бортта 180-нен астам адам болғаны хабарланды. Жолаушылардың басым бөлігі израильдіктер. Ұшақтағы жолаушылар кейін басқа рейспен Израильге жеткізілді.

Трамптан журналистер Иранның оқиғаға қатысы бар-жоғын сұраған. АҚШ президенті бұл мәселе бойынша жұмыс жүріп жатқанын айтып, өзіне келіп түскен ақпарат бойынша Иранмен байланыс болуы мүмкін екенін жеткізді.

Ал Иранның жауапкершілігі дәлелденсе, АҚШ әскери күш қолдана ма деген сұраққа президент: "Оларға өте қатты соққы беріледі, күмәнданбаңыздар", – деп жауап берді.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау