FlyArystan әуе компаниясы Ақтау-Дубай-Ақтау бағытындағы рейсті 19 сәуірге дейін тоқтатты, деп хабарлайды әуе компаниясының баспасөз қызметі.
Бұған дейін әуе компания шетелдік рейс наурыз айының соңына дейін тоқтайтынын мәлімдеген еді. Әуе компанияның баспасөз қызметі хабарлағандай, бұл шешім де Таяу Шығыстағы қақтығыстарға байланысты.
"Осы аралықта билет алған азаматтар билет құнын айыппұлсыз толық қайтарып ала алады немесе билетті басқа датаға қайта брондай алады", – делінген хабарламада.
USD:
482.3 / 485.1
EUR:
556.0 / 561.0
RUB:
5.79 / 5.93