Алматыдан Атырауға бағыт алған FlyArystan әуе компаниясының ұшағы қонғаннан кейін әуежай аумағында жолақ шетінен шығып кеткен, деп хабарлайды комапанияның баспасөз қызметі.
Әуе компаниясының мәліметінше, FS7202 рейсі сәтті қонып, ұшу-қону жолағын босатқан. Алайда тұраққа қарай қозғалу кезінде әуе кемесі төмен жылдамдықпен ұшақтарға арналған жолақ шегінен шығып кеткен.
"Ұшақ бортында болған 166 жолаушы мен экипаж мүшелері зардап шеккен жоқ", – деп хабарлады FlyArystan баспасөз қызметі.
Қазіргі уақытта әуе компаниясы оқиғаның мән-жайын анықтау үшін әуежай қызметтерімен және авиациялық билік органдарымен бірлесіп тергеу жүргізіп жатыр.