FIDE шахмат федерацияларының әлемдік рейтингін жаңартты. Қазақстан нешінші орында

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Рейтингті АҚШ бастап тұр.

Халықаралық шахмат федерациясы (FIDE) ең мықты ұлттық шахмат федерацияларының тізімін жариялады. Қазақстанның шахмат федерациясы бұл рейтингте 34-орынға тұрақтады. Ал әйелдер арасындағы рейтинг бойынша Қазақстан 9-орынды иеленсе, аралас рейтингте 15-орында. 

Рейтингтің алғашқы бестігін АҚШ, Үндістан, Қытай, Ресей және Германия иеленген. Рейтингке барлығы 204 ел қатысқан. 

Еске салайық, 2025 жылдың мәресінде Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева блиц шахматтан өткен әлем чемпионатындағы жеңісінен кейін FIDE рейтингіндегі позициясын жақсартты.

Әлем чемпионы атағын үшінші мәрте иеленген Асаубаева рейтингте бірден бес саты жоғарылап, үшінші орынға жайғасты. 

Серіктестер жаңалықтары