Ол 2021-2022 жылдары шахматтың блиц түрінен қатарынан екі рет әлем чемпионы болды.
Шахматтың блиц түрінен екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева "Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері" атағын алды. Бұл туралы шахматшы Instagram парақшасында жазды.
"Мені құттықтап қойсаңыздар болады. Алдарыңызда – шахматтан Қазақстандағы жалғыз ҚР еңбек сіңірген спорт шебері", – деп жазды ол Instagram Stories-те.
Шахматшының анасы Лиана Таңжарықова ҚазАқпаратқа Бибісара Асаубаеваның жетістігіне қатысты пікірін айтты.
"Бибісара шахматтан "ҚР еңбек сіңірген спорт шебері" атанды. Оған бұл атақты бүгін Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов табыстады. Айта кетейік, соңғы 30 жылда еліміз бойынша шахматтан еңбек сіңірген спорт шебері атағын ешкім алмаған", – деп мәлімдеді Лиана Таңжарықова.
Шахматтан ҚР мемлекеттік жаттықтырушы Дастан Қапаев та Бибісара Асаубаеваны құттықтады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Оқи отырыңыз: "Кумирім – Магнус Карлсен". Шахматтан блиц шебері Бибісара Асаубаевамен блиц сұхбат
Бибісара Асаубаева 2004 жылы Тараз қаласында туған. 2019 жылы әйелдер арасындағы халықаралық гроссмейстер атанса, 2020 жылы ерлер арасындағы халықаралық шебер атағын алды. Шахматтың блиц түрінен 2021-2022 жылдары қатарынан екі рет әлем чемпионы болды. Бұл атаққа ие болған шахмат тарихындағы ең жас шахматшы. 2021 жылы шахматтан әлем чемпионатында рапид бойынша күміс жүлдеге ие болды. Дәл сол жылы шахматтан Азия чемпионы болды.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🌡 Қазгидромет еліміздің бірнеше өңірінде қатты ыстық болатынын ескертті
-
283
-
0
-
6
-
-
2📵ІІМ: Антифрод-жүйенің арқасында алаяқтардың 34 млн қоңырауы бұғатталды
-
259
-
0
-
7
-
-
3👶 Қасым-Жомарт Тоқаев 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады
-
256
-
0
-
6
-
-
4⚽️ Қазақстандық клубтар футболдан еурокубок ойындарын қай кезеңнен бастайды
-
259
-
0
-
4
-
-
5✈️ FlyArystan Астанада Бішкекке 10 маусымнан бастап қайта қатынайды
-
250
-
0
-
2
-
-
6🛍 "Алтын орда" базары қашан заң аясында жұмыс істей бастайды?
-
244
-
0
-
1
-
-
7🎬 "Мультфильм киноның тасасында қалып қойған". Депутат балаларға арналған отандық анимацияны көбейтуді ұсынды
-
249
-
0
-
3
-
-
8🏠 Ұлытау облысында жастарға арналған тұрғын үй бағдарламасы іске қосылды
-
245
-
0
-
2
-
-
9🦅 "Басшылар құрғақшылықты қолдан жасап отыр". Қызылордалық шаруалардың егін алқабы құстарға жем болып жатыр
-
249
-
0
-
3
-
-
10🎓 Маңғыстау облысының ауылында бір мектепті екі оқушы ғана бітірді
-
257
-
0
-
5
-