Әлихан Смайылов McDonald's-тің Қазақстаннан кетуі елдегі инвестициялық ахуалмен немесе басқа мәселелермен байланысты емес екенін айтты.
Үкімет басшысы Әлихан Смайылов McDonald's-тің Қазақстан нарығынан кетуіне байланысты пікір білдірді.
"Жалпы осындай ірі халықаралық брендтің елімізде болғаны жақсы. Өйткені ол инвестициялық климаттың жақсылығын көрсетеді. Дегенмен, фаст-фудтың адам денсаулығына пайдасы шамалы", – деді Үкімет басшысы.
Оқи отырыңыз: Қазақстандағы McDonald's мейрамханалары жұмысын тоқтатады
Әлихан Смайылов McDonald's-тің Қазақстаннан кетуі елдегі инвестициялық ахуалмен немесе басқа мәселелермен байланысты емес екенін айтты.
"Бұл McDonald's-тің Ресей нарығынан кетуімен тікелей байланысты. McDonald's шикізат пен жартылай фабрикаттарды Ресей нарығы арқылы қамтамасыз етіп келді. Оған компанияның өз өнімдеріне өте жоғары талап қоюы себеп болды. Осындай мейрамханаларға өнім жеткізуші болу үшін бірқатар сетификациядан өту керек. Ол жемнің сапасына, мал-құс ұстау, оларды сою орындарына, тіпті қаптайтын қораптардың сапасына өте қатаң талаптар қояды. Осы талаптарға сәйкес болу үшін инвестор ауқымды қаражат құюы керек. Бірақ, Қазақстанның нарығы шектеулі болғандықтан, мұндай инвестиция қысқа мерзімнің ішінде қайтарылмайды", – деді Әлихан Смайылов.
Сонымен қатар Үкімет басшысы қазір компанияның Қазақстандағы жұмыс орындарын сақтап қалу жөнінде шешім шығарғанын айтты.
"Онда 2 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Ол үшін халықаралық брендті қолданбай жұмыс істеуді жалғастыру қажет. Сонымен бірге бұл компания ары қарай тұрақты жұмыс істеуі үшін міндетті түрде шикізат пен жартылай фабрикаттарды Қазақстанның өнім өндірушілерінен алу мәселесін шешеді деп ойлаймын. Ол осы компанияның жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз етеді", – деп түйіндеді Әлихан Смайылов.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1Үкімет заңсыз шығарылған активтерді мемлекетке қайтару туралы заң жобасын қарады
-
433
-
0
-
5
-
-
2Қазақстанда жаңа туған балаға бірінші ID-код, кейін ЖСН беріледі
-
419
-
0
-
4
-
-
328 қаңтарда Қазақстан әйелдері онкогинеколог тексеруінен тегін өте алады
-
396
-
0
-
4
-
-
4Қаржылық мониторинг агенттігі заңсыз крипто айырбастау пунктерін анықтады
-
396
-
0
-
0
-
-
5Қазақстанда балалар үйінен асырап алған сәбилерді кері қайтару жиіледі
-
407
-
0
-
0
-
-
6Ғылым министрі қандай жағдайда екі университетте қатар оқуға болатынын түсіндірді
-
397
-
0
-
1
-
-
7Оқушылар қорытынды емтиханды ерте тапсыра ала ма?
-
397
-
0
-
3
-
-
8Былтыр Қазақстанда 518 мың тоннадан астам нан пісірілген
-
383
-
0
-
0
-
-
9Тығылмақ ойнаймын деп өзге елден бір-ақ шыққан
-
382
-
1
-
2
-
-
102023 жылы Artsport бағдарламасымен 560 мыңнан астам бала мен жасөспірім қамтылады
-
374
-
2
-
1
-