Қазақстандағы McDonald's мейрамханалары уақытша жұмысын тоқтатады

Мейрамханалар 18 қарашадан бастап жұмыс істемейді.

Қазақстандағы McDonald's жергілікті жеткізілімдердегі шектеулерге байланысты 18 қарашадан бастап өзінің барлық мейрамханаларының жұмысын уақытша тоқтатады, деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.

Компания мейрамханалардың қайта ашылу мерзімін кейінірек хабарлайды.

"Food Solutions KZ ЖШС компаниясы Қазақстан Республикасында 6 жылдан астам уақыт жұмыс істейді және жылдам қызмет көрсететін мейрамханалар индустриясының көшбасшыларының бірі болып табылады. Қазақстанның келесі қалаларында: Алматы, Астана, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды компанияның 24 мейрамханасы бар және олардың ішінде 2000-ға жуық адам жұмыспен қамтамасыз етілген" делінген компанияның хабарламасында.

Еске салайық, 2022 жылғы шілде айында Қазақстандағы McDonald's мейрамханалары уақытша жұмысын тоқтатып, кейін қайта ашылған болатын

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз