Тікелей эфир

ЕҰУ ректоры: Ескі құралдар тұрған зауытта тәжірибе өткізу – өзімізді алдаумен тең

Ерлан Сыдықов "100 шетелдік оқулық" жобасын жалғастыруды ұсынды.

Өндірістік тәжірибеге қабылдайтын ұйым, кәсіпорын және мекемелердің ұлттық тізілімін жасау қажет. Тәжірибе заманауи технологиялық, инновация бар жерде өткізілуі тиіс, деп мәлімдеді Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов.

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында "100 шетелдік оқулық" жобасын техникалық, жаратылыстану және медицина мамандықтары бойынша жалғастыру аса маңызды. Бұған дейін бұл жұмыс гуманитарлық және әлеуметтік мамандықтар үшін жүргізілді. Ұлттық космиссиядан осы ұсынысты протоколға енгізуді сұраймын", – деді Ерлан Сыдықов.

Әрі қарай университет ректоры студенттік ұтқырлықты ұйымдастыру үшін тек рейтингі жоғары шетелдік ЖОО-лармен бірлесіп жұмыс істеуді ұсынды. Айтуынша, қазір отандық білім ордалары алғашқы 300-400 тізімге кіретін шетелдік университеттермен жұмыс істеп жатыр.


Оқи отырыңыз: "Балдырдан – биостимулятор". Отандық ноу-хау агроөнеркәсіпті қалай дамытады? 


"Талапты жоғарылата түсуге толық мүмкіндігіміз бар. Осы орайда, әлемдік студенттер қоғамдастығының әлемдік көшбасшылардың алғашқы жүздігіне кіретін университеттермен ынтымақтастықты дамытуға жалпы ұлттық көзқарасты қалыптастыру қажет. Керісінше біз өзімізді кенжеміз деп есептемей, сол жүздіктің арасында белсенді болғанымыз жөн. Араласатын университеттерімізді осы тізімнен іздеуіміз қажет", – деп қосты ректор.

Әрі қарай Ерлан Сыдықов елдегі өндіріс саласында бірқатар проблема бар екенін атап өтті. Соның бірі кәсіпорындардағы құралдардың ескіруі. 

"Кәсіпорындармен қарым-қатынасымызды интеграциялауға мүмкіндік беретін бұл шынайы процестің, өкінішке орай, бірқатар кемшілігі бар. Өндірістік тәжірибеге қабылдайтын ұйым, кәсіпорын және мекемелердің ұлттық реестрін жасауымыз қажет. Тәжірибе заманауи технологиялық инновация бар жерде өтуі тиіс. Тәжірибені кешегі ескірген құралдар тұрған зауыттар мен фабрикаларда өткізу – өзімізді өзіміз алдағанмен тең", – деді Ерлан Сыдықов.


Оқи отырыңыз: "Дипломмен – басқа салаға!". Мектеп қабырғасында кәсіптік бағдарлау не үшін қажет?


Мұнымен қатар, ол басқарушы кадрлар жетіспеушілігі мәселесіне тоқталды.

Еске салсақ, өңірлерден жұмысқа келген жастарға үйді жалға алу үшін көтерме жәрдемақы енгізілетіні туралы хабарлаған едік. Сондай-ақ, жастарды жұмысқа ынталандыру үшін заңнамаға "жас жұмысшы" ұғымы енгізілмек.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары