Тікелей эфир

"Есігі шіріп, іші сыз тартады". Жалағаш тұрғындары бір ай бұрын табысталған пәтеріне кіре алмай отыр

Әкімнің орынбасары сатушы барлық кемшілікті түзетеді деп сендірді.

Қызылорда облысы Жалағаш ауданында бір ай бұрын берілген 50 жаңа пәтерге тұрғындар көшіп келе алмай отыр. Айтуларынша, сапасыз салынған баспаналар аязда жылынбайды. Үй кезегінде тұрған жалғаштықтарға жаңа пәтерлердің кілтін өткен айда облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың өзі табыстаған болатын, деп хабарлайды 31-арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы. 

"Жүрегіміз жарылардай қуанып, ағайын-туысты шақырған болатынбыз. Алайда дәретхана ертесі-ақ бұзылды. Төбесі жұқа", – деді Жалағаш ауданының тұрғыны Күләш Жәнібекова. 

Тағы бір тұрғын Майра Есетова есігінің шіріп жатқанын және пәтер ішінде су жоқ екенін айтты. 

"Барлығын өз ақшама істеттім", – деді Майра Есетова. 


Оқи отырыңыз: 4600 отбасыны баспаналы қылған құрылыс компаниясы клиенттеріне пәтер тарту етеді


Кейбір тұрғындар қарызданып пәтердің кем-кетігін қалыпқа келтірсе, шамасы жетпегендер әлі де үйлеріне қоныстана алмай жүр. 

"Техникалық ерекшелікке сәйкес қабырғаның қалыңдығы – 40 см. Қабылдаған кезде өлшенген. Оның екі жыл гарантиясы бар. Кем-кетігін сатушының өзі қалпына келтіріп береді", – деді Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Әліби Байнахатов. 

Әкімнің орынбасары кемшіліктерді түзеуге кепілдік мерзіміміз бар деп сендіреді. Ал тұрғындар мемлекеттің қыруар қаражатына салынған үйді шенеуніктер әу баста дұрыс тексеріп алмаған деп ашулы. 


Оқи отырыңыз: Жаңа облыс орталықтарында пәтер бағасы 20 пайыз қымбаттады


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары