Тікелей эфир

Есеп комитеті: Ұлттық қордан алған қаражат кірістен асып түсті

Айырмашылық 200 миллиард теңгені құрайды.

Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунова 2021 жылы ұлттық қорға түскен және жұмсалған сома арасында айырмашылық барын мәлімдеді. Айтуынша, ұлттық қордан алынған қаражат келіп түскен сомадан асып түскен.

"2015 жылдан бастап ұлттық қорды белсенді пайдаланып келеміз. Бұл жерде әңгіме 2019-2020 жылдар туралы болып тұрған жоқ. Пандемияға байланысты дағдарысқа қарсы қаражат қажет болды. Алайда бұдан кейін ахуал айтарлықтай жақсарған еді", – деді Наталья Годунова.

Ары қарай комитет төрайымы ұлттық қордан алған қаражат сомасының кірістен асып кетуіне алаңдаушылық бар екенін бөлісті.


Оқи отырыңыз: Ұлттық қор қаржысын пайдалануға заңмен тыйым салу қажет пе?


"2021 жылы ұлттық қордан 4,5 трлн теңге жұмсалды. Бұл уақытта қорға 4,3 трлн теңге ғана түскен еді", – деді комитет өкілі.

Серіктестер жаңалықтары