Дін саласында білім алған түлектер ойын ортаға салып, әрі қарай талқылауы үшін комитет жанынан YZ Club атты диалог алаңы құрылды.
Елде жыл сайын дін саласында білім алып шығатын 500-ге тарта студенттің теріс жолға түсіп кетпеуі үшін Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі дін істері комитеті жанынан арнайы алаң құрылды. Ол жерде жас мамандар дінге қатысты сыни пікірін бөлісіп, талқыға салады. Бұл туралы комитет төрағасы Ержан Нүкежанов мәлімдеді.
Сондай-ақ, комитет өкілі дінге сенбейтін азаматтардың да құқығы толыққанды қорғалуы үшін арнайы жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.
"Дінге сенетін және сенбейтін азаматтардың құқығының тең қорғалғанын қалаймыз. Осыған байланысты әлемдік тәжірибені ескере отырып "Дінге сенбейтіндер құқығы" деген түсінікті енгізгіміз келіп отыр. Біз зайырлы мемлекетпіз. Бізде заң бәрінен биік тұрады. Адамның дініне, конфессиясына, ұлтына қарамастан, заң бәрімізге ортақ. Осыған мақсатты түрде келе жатырмыз және ол заң орындалады", – деді Ержан Нүкежанов.
Оқи отырыңыз: "Жусан" операциясы аясында елге оралған әйелдердің 95%-ы діни теріс көзқарасынан бас тартқан
Сондай-ақ, ол азаматтардың мүлкін теріс жолмен иеленіп алатын діни ұйымдарға тоқталды. Қылмыстық кодексте діни ұйымдар жұмысына қатысты арнайы бап болмаса да, олар "алаяқтық" фактісі бойынша жазаланады. Бұдан өзге ол жас мамандардың діни сауатын арттыру үшін қандай жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтып берді.
"Бізде біразға дейін бір түйіткілді мәселе болды. Жыл сайын дінтану, исламтану, теология мамандықтары бойынша 500-ге тарта студент ЖОО-ны тәмамдайды. Біз осы жас PhD және магистрлермен жұмыс істеп жатырмыз. Олар ойын ортаға салып, әрі қарай талқылауы үшін комитет жанынан YZ Club атты диалог алаңы ашылды. Өзінің сыни пікірін айтамын деуші жас мамандарға осындай алаң беріп отырмыз. Кездесуі болып өтті", – деп қосты Ержан Нүкежанов.
Мұнымен қатар, Ержан Нүкежанов комитеттің "Халыққа қызмет – маңызды міндет" жобасын жүзеге асыруды бастағанын мәлімдеді. Facebook, Instagram желілерінде ашылған парақша дін төңірегіндегі сұрақтарға жауап береді.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1😱 Ерлан Сайыров қымбатшылық туралы: Халық моншаға екі аптада бір рет қана барып жүр
-
263
-
1
-
7
-
-
2💰 Астана тұрғындарының орташа жалақысы – 357,3 мың теңге
-
234
-
0
-
2
-
-
3💸 Неге төрт балалы отбасыға берілетін жәрдемақы баласы 18 жасқа толғанда тоқтатылады. Министрлік түсіндірді
-
236
-
1
-
5
-
-
4👨👩👦👦 Отбасының цифрлық картасы: Биыл 12 мыңнан астам азаматқа мемлекеттік қызмет көрсетілді
-
233
-
0
-
4
-
-
5🔫 Жамбылдық полицейлер көлігін “тапшанға” айналдырған шетелдік азаматты анықтады
-
240
-
0
-
5
-
-
6💐 Түркістан облысында елімізде сирек кездесетін перу лалагүлі өседі
-
290
-
0
-
5
-
-
7😱 "Таныстарын заңсыз жұмысқа алған". "ӨзенМұнайГаз" компаниясының бас директорының орынбасары ұсталды
-
324
-
0
-
4
-
-
8🌡 Алдағы демалыс күндері 44 градусқа дейін аптап ыстық сақталады
-
319
-
2
-
5
-
-
9😱"Алтын Орда" базары директорының орынбасары ұсталды
-
255
-
0
-
6
-
-
10🚆 Үндістанда бірнеше пойыз соқтығысып, үш жүзге жуық адам қаза тапты
-
250
-
0
-
0
-