Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтайдың Экономикалық саясат, өнеркәсіп және энергетика комитетінің келісімімен Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына қайта тағайындады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды", – делінген ресми хабарламада.
Ерсайын Нағаспаев 1980 жылы Қарағанды қаласында дүниеге келген. Бұқаров атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін тәмамдаған. Әр жылдары Сыртқы істер және Көлік министрліктерінде жұмыс істеген. Премьер-Министр орынбасарының кеңесшісі, Шахтинск қаласының әкімі және Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.