Ерлан Қошанов Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы болды

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
Тоқаев Халық Кеңесі төрағасы қызметіне Ерлан Қошановтың кандидатурасын ұсынған болатын.

Бұрынғы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов жаңадан құрылған Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы болып сайланды. Бұл туралы Президенттік орталықта өткен жаңа органның ұйымдастырушылық отырысында белгілі болды.

"Қазақстан Халық Кеңесі туралы" Конституциялық заңға сәйкес, Кеңес төрағасы сессия барысында төрт жыл мерзімге сайланады. Кандидатураны Президент және Кеңес мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен бірінің бастамасы бойынша мүшелер ұсына алады.

Төраға Халық Кеңесі мүшелерінің жалпы санының қарапайым көпшілік дауысымен жасырын дауыс беру арқылы сайланды.

Ерлан Қошановтың еңбек жолы

Ерлан Жақанұлы Қошанов 1962 жылғы 14 тамызда Қарағанды облысының Шет ауданында дүниеге келген. Жезқазғандағы Қарағанды политехникалық институтының филиалында инженер-механик, кейін Қазақ мемлекеттік басқару академиясында халықаралық экономист мамандығы бойынша білім алған.

Еңбек жолын Жезқазған кен-металлургия комбинатының байыту фабрикасында слесарь, шебер болып бастаған.

Кейін Жезқазған облыстық сыртқы экономикалық байланыстар комитетінде түрлі қызметтер атқарды. Сондай-ақ Парламент Сенатының депутаты, Үкіметтің Парламенттегі өкілі, Көлік және коммуникация вице-министрі, Азаматтық авиация комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды.

Әр жылдары Премьер-Министр Кеңсесі басшысының орынбасары — Үкіметтің Парламенттегі өкілі, Премьер-Министр Кеңсесінің басшысы, Қарағанды облысының әкімі және Президент Әкімшілігінің Басшысы болды.

2022 жылы Парламент Мәжілісінің төрағасы және AMANAT партиясының төрағасы қызметтеріне сайланды.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау