USD: 485.1 / 487.7
  • EUR: 554.0 / 559.0
  • RUB: 5.99 / 6.11
Тікелей эфир
Алматы +33C
Все города

Ерлан Қарин "Билік өзіне жоқ жерден жау тауып алды" деген сынды пікірлерге жауап берді

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Мемлекеттік кеңесшінің сөзінше, соңғы жылдары еліміздің ішкі саясатында түбегейлі өзгерістер жүзеге асты.

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин "Жас Алаш" басылымында жарық көрген мақаласында президент реформаларының нәтижелеріне тоқталды. 

Бұл ретте ол жаңа нормаларды қабылдар кезде іштен де, сырттан да ықпал ету әрекеттері орын алғанын жасырмады. 

"Тіпті кейбір сарапшылар "бұл мәселені қозғаудың қажеті жоқ еді, билік өзіне жоқ жерден жұмыс пен жау тауып алды" деген пікірлерді де айтып жатты. Енді біреулері "мұндай шешім мына топтың өкілдеріне ұнамайды", "мұндай норма қоғамдағы мына топтың қолайына жақпайды" деген ұстанымды алға тартты. Шын мәнінде, біреуге ұнау я ұнамау мақсат болмауы керек. Негізгі өлшем – елдің мүддесіне сай ма, болашаққа керек пе деген сұрақ. Сондықтан Мемлекет басшысы айтқандай, біз сыртқы саясатты да, ішкі саясатты да әлдекімдерге жағыну, ұнау немесе ұпай жинау үшін жүргізбейміз. Ең басты мақсат – мемлекеттің мүддесі", – деді Ерлан Қарин. 

Мемлекеттік кеңесшінің сөзінше, соңғы жылдары еліміздің ішкі саясатында түбегейлі өзгерістер жүзеге асты. Салада ортақ тәртіп орныға бастады. Ономастикада, ескерткіштер орнатуда, ведомстволық наградаларды тағайындауда нақты регламенттер бекітілді. Тіпті киноны прокатқа шығаруға қатысты да арнайы критерийлер енгізілді.

"Мәселен, бұрын көшелер мен елді мекендерге атау беруде жүйесіздік үнемі алдан шығатын. Айғай-шу да көп еді. Қазір оның көбі тыйылды. Өйткені ортақ тәртіп, нақты алгоритм бар. "Тарихи тұлғалар", "Жер-су атаулары", "Дәстүрлі атаулар" тізімдері бекітілді. Көшелер мен елді мекендерге әркім ойына келген атауды бере алмайтын болды. Сол секілді жекеменшік білім беру ұйымдарына атау беру ісі де қатаңдатылды", – деді ол.

Сондай-ақ, ескерткіштер орнатудағы жүйесіздіктерге де тосқауыл қойылып жатыр. 

Бұрын азаматтардың көбі атасының атына көше беруге, бабасының құрметіне ескерткіш орнатуға қолдау сұрайтын еді. Тарихымыздағы белгілі тұлғаларды насихаттау туралы мәселе көтерілсе, әңгіме бөлек, әрине. Алайда көп өтініштер мен хаттардың арғы жағынан жершілдік пен рушылдықтың құлағы қылтиып тұратын. Енді бұған қатысты жаңа ережелер бекітілді. Тас мүсіндер кез келген уақытта әрі кез келген жерге қойылмайтын болды. Нақты шаралардың нәтижесінде бұл сала да бір жүйеге келтірілуде", – деді Ерлан Қарин. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз