Қазақстандық спортшы Ербол Хамитов 2026 жылғы Милан–Кортина қысқы Паралимпиадасы ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігі.
Ол пара биатлоннан 4,5 шақырымдық із қуу жарысында тамаша нәтиже көрсетіп, жарыс жеңімпазы атанды. Бұл жеңіс Қазақстан құрамасы үшін үлкен жетістік саналады. Сонымен қатар Хамитовтың алтын жүлдесі ел тарихындағы пара биатлоннан алынған алғашқы алтын медаль болды.
Айта кетейік, бұл спортшы үшін осы Паралимпиададағы екінші жүлде. Бұған дейін Ербол Хамитов пара шаңғы жарысында қола медаль иеленген еді.
Осылайша Хамитовтың алтыны Қазақстан үшін қысқы Паралимпиада тарихындағы бесінші медаль және екінші алтын жүлде болып тіркелді.
USD:
484.9 / 487.9
EUR:
555.0 / 560.0
RUB:
5.99 / 6.11
Пікірлер
Құтты болсын