Семей полигонының нормативтен тыс ластанған жерлерін қайта қалпына келтіру және оңалту жұмыстары жүргізілмеген.
Әлі күнге дейін Семей полигоны маңындағы таза және лас аумақтардың ара-жігі ажыратылмағандықтан жарамды жерлер пайдаланылмай отыр, деп мәлімдеді ҚР энергетика министрі Болат Ақшолақов.
Министрдің мәліметінше, Семей полигонының жері үш облыстың жергілікті атқарушы органдарының қарамағындағы босалқы жерге жатады. Бұл өз кезегінде осы аумақта болып жатқан оқиғаларды және бөгде адамдардың іс-әрекетін бақылауды қиындатады.
"Семей полигонының нормативтен тыс ластанған жерлерін қайта қалпына келтіру және оңалту жұмыстары жүргізілмейді. Радиоактивті зақымданудың жылыстауы бойынша да деректер жоқ. Бұл радиоактивті ластану деңгейіне тұрақты мониторинг жүргізілмеуімен байланысты. Ластанған жерлер мен таза аумақтың ара-жігі ажыратылмағандықтан, жарамды жерлердің көп бөлігі пайдаланылмай отыр", – деді Болат Ақшолақов.
Оқи отырыңыз:
- Тегін 10 сотық жер алуға енді eGov.kz арқылы өтініш беруге болады
- Елде 8 млн гектар ауыл шаруашылығы жері пайдаланылмай бос жатыр
- Жамбыл облысында тұрғындар өз жерін кепілге қойып, 1 млрд несие алған кәсіпкерді таппай отыр
1949 жылдың 29 тамызында Семей сынақ полигонында алғаш рет ядролық бомба сыналды. Жалпы полигонда жиынтық қуаты Жапонияның Хиросима қаласына тасталған ядролық зарядтың қуатынан 250 есе асып түсетін 456 ядролық сынақ өткізілді.
"Тәуелсіздік жылдары "Дегелең" тау алабында, "Балапан" және "Тәжірибе алаңы" сынақ алаңдарында жаппай қырып-жою қаруын таратпау режимін қолдау бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді. Полигон жабылғалы бірқатар проблема анықталды", – деп қосты министр.
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1📚 "Шұғылалы ертегілер": Астанада заманауи ертегілер кітабының тұсаукесері өтті
-
301
-
0
-
0
-
-
2💵 Атырау облысының білім беру саласында жемқорлық тәуекелі жоғары
-
307
-
0
-
0
-
-
3🚱 Астанадағы су мәселесі: Алматы ауданы әкімдігі хабарлама таратты
-
258
-
0
-
0
-
-
4🕋💵 Елордалық зейнеткер қажылыққа жинаған 16 млн теңгесін алаяққа беріп қойды
-
267
-
0
-
2
-
-
5🏛🚫 «Қайрат Сатыбалдыұлы түрмеде отырып, қонақүй сатып алды»: Антикор ақпаратқа жауап берді
-
260
-
0
-
0
-
-
6🥔 Елімізде 200 мың тоннаға дейін көкөніс сақтайтын қоймалар салынады
-
274
-
0
-
0
-
-
7🛣 "Асфальтті қолмен жайған". Қызылордада 76 млн теңгеге салынып жатқан жол сапасына тұрғындардың көңілі толмайды
-
287
-
0
-
4
-
-
8🧱"Қақпадан шыққанда қабірге тап боламыз". Алматы облысында тұрғындар мазарлардың үйге тым жақын орналасқанына наразы
-
283
-
0
-
0
-
-
9🛋 Елде жиһаз бен тұрмыстық заттар 25% қымбаттады
-
282
-
0
-
1
-
-
10😱 10 жылға сотталған Серік Күдебаев апелляциялық шағым түсірді
-
260
-
0
-
2
-