Енді салық органдары кімде қанша несие барын да біліп отырады

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
100 адамнан ақша түскен шоттар тексерілуі мүмкін.

Қазақстанда 2026 жылдан бастап екінші деңгейлі банктер жеке тұлғалардың шоттары туралы ақпаратты салық органдарына жолдауға міндеттелді. Бұл талап жаңа Салық кодексінде көзделген, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Қаңтар айынан бастап банктер азаматтардың алған несиесі, аударымдары және терминалдар арқылы түскен қаржысы туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер комитеті-не ұсынады. Қаржы министрлігінің мәлімдеуінше, бұл шара көлеңкелі кәсіпкерлікті анықтау мақсатында енгізілген.

Ресми өкілдердің айтуынша, бақылау тек кәсіпкерлік белгілері байқалған азаматтарға қатысты жүргізіледі. Мұндай белгілерге қатарынан үш ай ішінде 100 және одан да көп әртүрлі тұлғалардан аударым алу және түсімдердің жалпы сомасы ең төменгі жалақының 12 еселенген мөлшерінен асуы жатады. Жеке мақсаттағы аударымдар салықтық бақылау нысаны болмайды.

Алайда сарапшылар іс жүзінде есеп жүргізу барысында шатасулар болуы мүмкін екенін айтады. Соған қарамастан, мамандар бұл тетік көлеңкелі кәсіпкерлерді анықтауға ықпал етеді деген пікірде. Банктер кәсіпкерлік белгісі бар шоттар бойынша есепті салық органдарына әр үш ай сайын тапсырып отырады.

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз