Енді микроқаржылық ұйымдар төлемін 90 күн кешіктірген тұрғынға несие бермейді

Фото: inalmaty
Фото: inalmaty
Қаржы ұйымдары 3 айдан асқан соң есептелген айыпақыны талап ету құқынан айырылады.

Енді микроқаржылық ұйымдар төлемін 90 күн кешіктірген тұрғынға несие бере алмайды, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Әрі, сыйақы мөлшерлемесі мен қарызды өтеу тәсілін біржақты тәртіппен өзгертуге де тыйым салынбақ. Тағы бір шектеу өсімпұлды есептеу мерзіміне қатысты болып отыр. Себебі, қаржы ұйымдары 3 айдан асқан соң есептелген айыпақыны талап ету құқынан айырылады. 

Бастысы, микроқаржылық ұйымдарға берешекті өндіру үшін жеке сот орындаушыларымен ынтымақтастық орнатуға болмайды. Бұл тәртіп нотариустарға да қатысты қолданылады. 

Сонымен қатар тұтынушының келісімінсіз қарыз беру шартының қолданыс мерзімін ұлғайтуға мүмкіндік беретін норма күшін жояды. 

Серіктестер жаңалықтары

Подтверждение Email

Для возможности отправлять комментарии и оформить подписку вам необходимо подтвердить ваш адрес электронной почты. Письмо с ссылкой для подтверждения было отправлено на . Пожалуйста, проверьте свою папку "Входящие" или "Спам".

Телефон нөмірін растау

Өтініш беру себебін сипаттаңыз