Тікелей эфир

Енді құрылыс компаниялары тұрғын үй кешендерін соғу мақсатында үлескерлерді тарта алмайды

Үкімет үй сатып алу үшін алдын ала шарт жасасуға тыйым салуды жоспарлап отыр.

Енді құрылыс компаниялары тұрғын үй кешендерін соғу мақсатында үлескерлерді тарта алмайды. Бұл құрылыс жүргізу саласындағы бақылауды күшейтуге және жұмыстың ұзаққа созылу тәуекелін азайтуға мүмкіндік бергелі отыр, деп хабарлайды 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Қазір бірқатар түзетулер енгізілген заң жобасы мәжілістің қарауында. Демек, енді толыққанды шарт жасалмағандықтан, үлескерлер алдын ала ақша бермейді. Сәйкесінше, құрылыс жүргізушіге алданып қалу қаупі де айтарлықтай азаяды. Әрі, үлескерлерден заңсыз қаржы жинап, кейін құрылысты тоқтататын компаниялардың жауапкершілігін арттыру көзделіп отыр. Яғни, айыппұл санкциялары ұлғайтылуы ықтимал.


Оқи отырыңыз: "Үй түгілі қазаншұңқыр да жоқ". Алматыда үлескерлер құрылыс компаниясының үстінен шағымданды


Сондай-ақ, биыл инженерлік желілерсіз тұрғын үй нысандарын жобалауға және салуға тыйым салынып отыр. Осы арқылы сапасыз нысандарды пайдалануға беру тәуекелдері жойылмақ. Бұдан бөлек, үйлерді бір біріне тым жақын тұрғызуға шектеу қойылды.

 

Серіктестер жаңалықтары