Елімізде шамамен 3,1 млн адам әлі күнге дейін сақтандырылмаған.
Қазақстан азаматтары бұдан былай міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қызметін бір жыл бұрын ала алады. Ол үшін 12 айға алдын ала төлем жасауы тиіс. Бұл өзгерістер қыркүйек айынан бастап енгізіледі, деп хабарлады 31 арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы.
Биылғы шілдеде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы заңына өзгерістер енгізілді. Енді осы өзгерістерге сәйкес өздігінен төлем жасайтын азаматтар медициналық сақтандыру мәртебесін алу үшін тек өткен 12 ай үшін емес алдағы 12 айға да төлем жасай алады.
Мамандардың сөзінше, елімізде барлық азамат медициналық сақтандыруға төлем жасауға міндетті болғанына қарамастан, елімізде шамамен 3,1 млн адам әлі күнге дейін сақтандырылмаған. Ал оның 3 миллионы – жұмысқа қабілетті азаматтар.
"Біздің ойымызша, бұл халықты медициналық сақтандыру жүйесіне тартуға ықпал етеді. Азаматтар алдын ала жарналарын төлеп, жыл бойы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру тізбесіндегі медициналық көмекті алады. Сақтандырылмаған халықтың шамамен отыз пайызы жаңа төлем түрін пайдаланады деп күтілуде", – дейді "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ департамент директорының орынбасары Жанар Ботагарина.
Оқи отырыңыз: МӘМС жүйесінде сақтандырылмағандар қандай медициналық көмекке жүгіне алады?
Біздің Telegram-каналдағы ең көп оқылған жаңалықтар
-
1🥳 Тарихи жеңіс: Елена Рыбакина тұңғыш рет WTA 1000 турнирінің жеңімпазы болды
-
302
-
0
-
7
-
-
2🗳 Шетелдегі соңғы сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады
-
274
-
0
-
2
-
-
3👷♂️ Қазақстанға еңбек мигранттары қай елдерден көбірек келеді?
-
272
-
0
-
0
-
-
4✍️ Мемлекет басшысы салық кодексін өзгерту не толықтыру туралы заң жобасына қол қойды
-
243
-
0
-
0
-
-
5«АрселорМиттал Теміртау» кәсіпорнына 16,5 млн теңгеден астам айыппұл салынды
-
240
-
0
-
0
-
-
6💌 Тоқаев Елена Рыбакинаны Индиан-Уэллстегі жеңісімен құттықтады
-
246
-
0
-
4
-
-
7🦌 Қостанайда полицейлер қалаға кіріп кеткен елікті құтқарды
-
245
-
0
-
3
-
-
8ТМҰ байқаушылары: сайлау ашық және халықаралық стандарттарға сәйкес болды
-
255
-
0
-
2
-
-
9📨 Шетелдегі Қазақстандықтардың 72,54%-ы дауыс берді
-
251
-
0
-
1
-
-
10🚆 Астана – Бурабай бағытында «Наурыз» мерекелік пойыз қатынай бастады
-
232
-
0
-
0
-