Енді әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері пойызбен тегін қатынай алады

Фото: Informburo.kz
Фото: Informburo.kz
Олар жылына бір рет ел аумағында жолаушылар пойызымен тегін сапарлай алады.

2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстандағы барлық күштік құрылымның әскери қызметшілері мен олардың отбасы мүшелері жылына бір рет ел аумағында жолаушылар пойызымен тегін сапарлай алады. Бұл туралы Ұлттық ұлан хабарлады.

Іс-шара барысында жеке құрамға жаңа әлеуметтік бастаманың мәні түсіндіріліп, оны өңірлерде тиімді жүзеге асыру жолдары талқыланды.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ өкілдері тегін жол жүру құқығы тек Қазақстан ішіндегі бағыттарға қолданылатынын және шығындарды "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының қаражаты өтейтінін айтты.

Жиын соңында ҚР ІІМ Ұлттық ұланы бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Қайрат Үмбетов бастаманың әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің әлеуметтік қорғалуын арттыратынын, демалысты жоспарлауға және жол шығындарын азайтуға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары